Жүйеге кіру
Экономика және қаржы саясаты бойынша министр Т. Сүлейменов Қаржылық нарық мәселелері жөнінде БЭК қауымдастықтарымен кеңес өткізді

Экономика және қаржы саясаты бойынша министр Т. Сүлейменов Қаржылық нарық мәселелері жөнінде БЭК қауымдастықтарымен кеңес өткізді

13.12.2012

13 желтоқсан күні Мәскеуде Алқаның Экономика және қаржы саясаты бойынша мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен қаржылық нарық мәселелері жөнінде Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы елдерінің ұлттық қауымдастықтары өкілдерімен отырыс өтті.

«Ортақ қаржылық нарық құру мәселесіндегі ұлттық қауымдастықтармен өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық комиссия үшін принципті маңызға ие болады», - деді алғысөзінде Т. Сүлейменов.

Қаржылық саясат департаментінің директоры Бембя Хулхачиев тұсаукесер баяндамасын жасады. Ол қаржы нарығын дамытудың мақсаты, міндеті және болашақтары туралы әңгімелеп берді. Б. Хулхачиев ұлттық қауымдастық өкілдерін БЭК-ке қатысушы елдердің заңнамаларын үйлестірудегі Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Бірыңғай биржалық кеңістік және Ықпалдастық валюталық нарығын құру мәселелері жөнінде «Московская Биржа» ААҚ тұсаукесері көрсетілді. Отырысқа қатысушылар ЕЭК, мемлекеттік реттеушілер және бизнес қауымдастықтарының күштерін үйлестірмей отырып, БЭК-тің ортақ қаржылық нарығын жасау мүмкін емес деген пікірге келді.

Өз кезегінде ЕЭК өкілдері отырысқа қатысушыларға Комиссия тұрақты негізде қаржылық нарықта ұлттық қауымдастықтар өкілдерімен белсенді жұмыс жүргізуді көздеп отырғанын айтып сендірді.