Жүйеге кіру
Мукай Кадыркулов: «Біз Еуроодақпен және Қытаймен теңдік және өзара пайда шарттарымен транзиттік жүйелердің ұштастыруды талқылауға дайынбыз»

Мукай Кадыркулов: «Біз Еуроодақпен және Қытаймен теңдік және өзара пайда шарттарымен транзиттік жүйелердің ұштастыруды талқылауға дайынбыз»

13.12.2016
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері сауда әріптестерімен транзиттік жүйелердің ұштастыруды және уәкілетті экономикалық операторларды өзара тануды талқылауға дайын. Бұл туралы Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКедҰ) Саяси комиссияның 76-отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов мәлімдеді.

Мукай Кадыркулов тасымалдаушылар тауарларды континенттен континентке тасымалдау кезінде бір транзит рәсімін жабуға және екіншісін ашуға жұмсап отырған шығындарының жоғары екенін баса айтты. «Біз осы салада өзара оңайлатулар бойынша диалог пен жұмыс істеуге дайынбыз, - деп атап айтты ЕЭК министрі. – Еуропалық одақпен, сондай-ақ Жібек жолы Экономикалық белдеуін құру жөніндегі бастама шеңберінде Қытаймен біздің транзиттік жүйелерді түйістіруді талқылауға дайынбыз. Бұл ретте ЕАЭО бір транзиттік жүйенің екіншісіне интеграциялануын қарастырмайды. Сөз теңдік және өзара пайда шарттарымен әртүрлі жүйелерді түйістіру туралы болып отыр».

Халықаралық сауданы оңайлатудың тағы бір құралы ретінде Мукай Кадыркулов уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институтын атады. «Жаңа Кодексте біз бұл институтты жетілдірдік, - деді ЕЭК министрі. – УЭО мәртебесіне үміткер бола алатын тұлғалар тізбесін, оңайлатулар санын едәуір ұлғайттық, типтер бойынша саралауды енгіздік, біздің УЭО институтымызды халықаралық аналогтарға сәйкестендірдік. Ең бастысы – Одақтың кеден заңнамасында үшінші елдермен уәкілетті экономикалық операторларды өзара тану мүмкіндігін бекіттік. Мен жаңа форматты Одақ ішінде тестілеу үшін бір-екі жыл қажет, содан кейін біздің шетелдік сауда әріптестерімізбен УЭО-ны өзара тануды қарастыра аламыз, деп ойлаймын».

Мукай Кадыркулов ЕАЭО елдерінің кеден саласындағы интеграциясының деңгейі туралы айтып берді, кеден блогы құзыреттерінің тізбесімен таныстырды. Комиссия үшінші елдермен одақтық келіссөз процестеріне жетекшілік жасайды әрі келісімдер жобаларын әзірлейді. Мұндай процестердің бірі – кеден қызметтерінің сыртқы сауда әріптестердің бақылаушы қызметтерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы туралы келіссөздер. ЕЭК министрінің айтуынша, тауарлардың өтуін жылдамдату мақсатында Комиссия жедел ақпаратпен алмасуға дайын.Тауарлардың жеткізілуін бақылауды қамтамасыз ететін формат пен көлем туралы ақпарат қызығушылық туғызады. Бұл кеден қызметтері арасында сенім деңгейін ұлғайтып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қосымша жәрдем көрсетеді.

Мукай Кадыркулов КХР-мен кедендік ақпарат алмасу туралы келісім жобасының әзірленуін мысал ретінде келтірді. Келіссөздердің соңғы кезеңінде тараптар құжат жобасын келесі жылдың аяғында келісуге ниетті екендерін білдірді.