Жүйеге кіру
ЕЭК Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымымен және Дүниежүзілік биржалар федерациясымен ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымымен және Дүниежүзілік биржалар федерациясымен ынтымақтастықты дамытады

Директор ДФП Хачатрян АГ  12 12 2019.jpg
13.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мемлекеттік-құқықтық реттеу мен қадағалаудың тиімді құралдарын тұжырымдау үшін Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымымен (IOSCO) және Дүниежүзілік биржалар федерациясымен (WFE) өзара іс-қимыл жасауға ниетті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаментінің директоры Арман Хачатрян Мадридте (Испания) өткен IOSCO үлестес мүшелерінің консультативтік комитеті отырысының және бағалы қағаздардың ұлттық нарықтарын құқықтық реттеу саласындағы реттеушілерге арналған жұмыс семинарының қорытындысы бойынша хабарлады.

Іс-шаралар аясында Арман Хачатрян IOSCO бас хатшысы Пол Эндрюспен және WFE президенті Нандини Сукумармен кездесті.

ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұрғысында ЕЭК пен IOSCO арасындағы ынтымақтастықты дамытудың және тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді. «Біз трансшекаралық операциялар кезінде мемлекеттік-құқықтық реттеу мен қадағалаудың тиімді құралдарын және жауапкершілік пен құқық қолдану механизмдерін тұжырымдау мақсатында тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы келістік», – деп атап өтті Арман Хачатрян.

Ол сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсету өнімдер мен инновациялардың көп арналы таралуының ашық желісіне айналған жағдайда қадағалауды жүзеге асыру үшін жаңа цифрлық технологияларды пайдалану және бағалы қағаздардың бөлінбейтін нарықтарын құру әрі инвесторларды қорғау үшін таңдаулы әлемдік практикаларды ендіру қажет екенін атап өтті.

Арман Хачатрянның Нандини Сукумармен кездесуі барысында тараптар бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылардың жаһандық салалық қауымдастығы ретінде ЕАЭО мемлекеттерінің биржалық алаңдары мен Дүниежүзілік биржалар федерациясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, тараптар бағалы қағаздар саудасын құқықтық реттеу, қаржы технологияларын биржалық іске ендіру, сондай-ақ реттеушілердің бақылау-қадағалау саясаты мәселелеріне қатысты сөз қозғады.​