Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық патенттік ұйым өкілдері жұмыс кездесуін өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық патенттік ұйым өкілдері жұмыс кездесуін өткізді

14.01.2013

11 қаңтар күні Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев Еуразиялық патент ұйымының вице-президенті Леонид Воронецкимен жұмыс кездесуін өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар өзара пайдалы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде қадағалаушы мәртебесін өзара алмасу мүмкіндігін талқылады. Бұдан басқа, тараптар бір-біріне ұйымның құрылу тарихы, оның атқару қызметінің құрылымы, сондай-ақ, қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Кездесудің қорытындылары бойынша тараптар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық патенттік ұйымы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімді бірлесіп дайындау жөнінде уағдаласты.

Анықтамалық ақпарат:

Еуразиялық патенттік ұйым – халықаралық ұйым, Еуразиялық патенттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін және еуразиялық патенттерді беретін мекеме. Әлемнің 110-нан астам елі Еуразиялық патенттеу жүйесін пайдаланады.