Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын келісуде ілгерілей түсті

ЕАЭО елдері Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын келісуде ілгерілей түсті

14.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелерінің Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын пысықтау жөніндегі кеңесінде тараптар құжаттың тағы бір бірқатар позициясын келісті. Талқылау 14 ақпанда Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде өтті.

Бұдан бұрын Еуразиялық үкіметаралық кеңес Одақ мемлекеттерінің үкіметтеріне ЕЭК-пен бірлесіп құжатты пысықтауды қамтамасыз етуді және оны сәуір айында Үкіметаралық кеңестің қарауына енгізуді тапсырды.

Кеңесті аша отырып, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович: «Біз Одақтың шынайы дамуына ықпал ететін нақты тиянақтамалар мен нақты іс-шараларды тұжырымдаймыз», - деп атап көрсетті.

Ол өз сөзін екі апта ішінде айтарлықтай ілгерілеу болды және жобаның 50-ге жуық позициясын келісуге қол жеткізілді деп толықтырды.

Кеңеске қатысушылар тосқауылдарды жою мен шектеулерді алып тастауға, кедендік реттеуге, тауарлар қауіпсіздігі сапасын қамтамасыз ету механизмдері мен кепілдіктеріне, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және басқаларға қатысты іс-шараларды талқылады. Үкімет басшыларының орынбасарлары бұрын келісілмеген бірқатар позиция бойынша консенсусқа келді.

Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2018 жылдың соңында бекіткен ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны дамытуға орай дайындалды.

Стратегиялық бағыттар интеграциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Жобада перспективада ЕАЭО мемлекеттері ынтымақтастығының нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастыруды аяқтауға, Одақтың ұлтүсті және ұлттық институттарының орындаушылық тәртібін арттыруға, мүше мемлекеттердің ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау мен реттеуге қатысты тәсілдемелерін үндестіру мен қадамдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шаралар мен механизмдер ашып көрсетіледі.

Құжат белгілі бір дәрежеде ЕАЭО туралы қолданыстағы шарт шеңберінен шығады. Жаңа бағыттар арасында - жасыл технологияларды, жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту, денсаулық сақтау, туризм, білім беру және ғылым саласындағы экономикалық аспектілер бар.

Құжатты Үкіметаралық кеңес мақұлдағаннан кейін оны 2020 жылғы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бекіту жоспарланып отыр.

Талқылауға Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, сондай-ақ ЕЭК Алқасының мүшелері қатысты.