Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және салық саясаты бойынша Министр Тимур Сүлейменов «БЭК аясында өзара сауда-саттықты ұлғайтудың мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде сөз сөйледі

ЕЭК Экономика және салық саясаты бойынша Министр Тимур Сүлейменов «БЭК аясында өзара сауда-саттықты ұлғайтудың мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде сөз сөйледі

14.03.2013

13 наурыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов «БЭК аясында өзара сауда-саттықты ұлғайтудың мүмкіндіктері» дөңгелек үстеліне қатысты. Бұл дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі ұйымдастырды.

Осы диалогқа Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, Қазақстан, Ресей мен Беларусь бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері, саясаттанушылар, ғалымдар, зерттеу және ақпараттық-талдау ұйымдарының басшылары мен ресейлік басылымдардың жетекші шолушылары қатысты.

Дөңгелек үстелде Біртұтас экономикалық кеңістік аясында Кеден одағына мүше мемлекеттер ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі, БЭК сауда-саттық ынтымақтастығын ұлғайта түсудің жолында кезігетін кедергілерді жою, Кеден одағына мүше үш ел – Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің іскери топтарының талпыныстарын біріктіру талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сәлемдеме баяндамасымен сөз алған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақов болды. Ол осы дөңгелек үстелдің мақсаты – БЭК аясында өзара сауда-саттықты және ықпалдастық процестерін ұлғайту бойынша ашық пікірталас және пікір алмасу болып табылатындығын баса айтты. Ғ. Оразбақовтың айтуынша, КО мүше елдердің іскерлік қауымдастықтарының талпыныстарын үйлестіру ісі – экономикалық ықпалдастыққа қол жеткізу үшін кедергілерден өтудің тиімді құралы. Елші мырза ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі БЭК аясында өзара сауда-саттықты ұлғайту мәселелерін талқылауға арналған тұрақты диалог алаңын құру бойынша бастамашы екендігін айта кетті.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министр Тимур Сүлейменов «Бизнес ықпалдасудың пәрменді күші іспеттес» тақырыбында баяндама жасады. ЕЭК Алқасының Мүшесі БЭК нарығының қатысушылары арасындағы түйінді мәселелерді шешу, ықпалдастық процесіне қатысушылардың мүдделерін тең дәрежеде сақтап жүру, БЭК аумағындағы сауда-саттықта кезігетін кедергілерді мейлінше азайту бойынша жұмысы туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, КО мен БЭК мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда-саттықтың тауар құрылымында әлі де шикізат тауарлары басым болып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта бұл жағдай өзгеретін болады, өйткені елдеріміз өңдеуші салалардың өнімдеріне қарай бет бұрып, өтімді тауар түрлерін кеңейтуге ұмтылып отыр. Осының өзінде, бизнес әралуан әкімшілік кедергілерге кезігеді, сондықтан да оларды мейлінше кеміту үшін КО мен БЭК деңгейінде Еуразиялық экономикалық комиссия жанында арнайы институттар құрылып отыр. Бұл бәрінен бұрын, стратегиялық мәселелер шешіліп отыратын ЕЭК Консультативтік Кеңесі және Белоруссия-Қазақстан-Ресей Бизнес диалогы, және де КО мен БЭК аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың еріктілігін қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік саласында, қызметтер көрсету мен инвестициялық қызмет салаларында үйлесімді саясатты іске асыруға бағытталған тәжірибелік сипаттағы оперативтік шараларды әзірлеу және оларды іске асыру мақсатымен құрылған Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитет.

Тимур Сүлейменов ЕЭК қызметінің барлық салаларында консультативтік комитеттер құрылғандығын ескертті. Олар құрамына Тараптардың билік органдары өкілдерін де, сарапшылық және бизнес-қоғамдастықтардың да өкілдерін енгізіп отыр.

Сонымен қатар, ЕЭК тараптарының органдары мен бизнес өкілдерінің өтініштері негізінде кедергілерді жоюға бірқатар шаралар әзірлеп, оларды қабылдау жолымен, сондай-ақ халықаралық келісімдердің орындалуларына үнемі мониторинг жүргізіп отыру барысында ЕЭК бизнес-қоғамдастықпен тиімді түрде өзара әрекеттестікт орнатады. Министр үш елдің де түйінді проблемаларын ЕЭК шешіп берген бірқатар мысалдарды келтірді.

 

Кедергілерді жою тәсілдерінің бірі –Келісімдердің салалық жобаларын әзірлеп шығару болып табылады. Осылайша, Алкоголь өнімдерін шығару және олардың айналымы туралы Келісімнің жобасымен жұмыс жасау барысында 2012 жылғы қазан айында, осы жобаны әзірлеуге түрткі болған негіздердің бірі болып отырған Ресей Федерациясының аумағы бойынша (транзитті қоса санағанда) этил спиртінің (соның ішінде КО мен БЭК мүше мемлекеттер шығарған) тасымалдануы бойынша 1999 жылдан бері қолданылып келген әрекеттегі шектеу жойылды. Жалпы алғанда, Келісімнің жобасы КО мен БЭК елдерінің нарықтарында алкоголь өнімдерін шығару және олардың айналымын реттеп отыруға келісілген көзқарастарды көздейді, сонда ол алкоголь өнімдерінің сауда-саттығында ұлттық режимнің қамтамасыз етілуіне мүмкіншілік береді. Оған қоса, алкоголь нарығы мен ілеспе құжаттарды реттеудің ұлттық шараларын органдардың өзара тануы көзделіп отыр.

Сонымен қоса, өзара сауда-саттықтағы ұлттықтан жоғары деңгейдің кедергілері кеден ісінен бастап, техникалық реттеуге дейінгі түрлі салаларда туындайды – деді Министр. Мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету үшін ұлттықтан жоғары сипаттағы актілердің жобаларының реттеуші ықпалын бағалау (РЫБ) қажет болады. Мұндай мәселелерді талқылау үшін нағыз оңтайлы алаң бола алатын – Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитет.

Министр сонымен қатар, өзгерістер енгізуді не болмаса күшін жойған деп тануды қажет ететін ұлттық актілердің тізбелерін актілер жобаларын әзірлеушілерге міндеттеп жүктеп беру рәсімі, реттеу ісі сапасының деңгейін жоғарылатуға және оның оперативтілігі мен жүйелілігін қамтамасыз ететіндігін нұсқап айтты.

Өз баяндамасының соңында Министр, бизнес үшін сауда-саттықтағы әкімшілік кедергілердің кемуі, КО мен БЭК ортақ аумағындағы елдердің нарықтарының нақты ықпалдасуын қамтамасыз ететіндігін баса айтты.

Және де дөңгелек үстел басында «Атамекен» ҚҰЭП Басқармасы Төрағасының Бірінші орынбасары Рақым Ошақбаев, Кеден одағы Агроөнеркәсіп қауымдастығының Басқарма Төрағасы Андрей Даниленко, РФ Федералдық жиналысындағы Федерация Кеңесінің сараптау- консультативтік кеңесінің мүшесі Игорь Филькевич баяндама жасады.

Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті полиграфиялық өнімдерге де қауіпсіздік талаптарын белгілеп отыр.

Кеден одағы елдерінде Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің іске асырылуы жалғасуда.

Техникалық регламент Кеден одағының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 Шешімімен қабылданды және 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Сөйтіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер жасап шығаратын кәсіпорындар 9 айдың ішінде осы құжатта белгіленген талаптарды енгізуге дайындалу мүмкіндігін алды.

Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді, олардың денсаулығы мен өмірін қорғау, сондай-ақ бұл өнімдерді пайдаланушыларды жаңылыстыруға апаратын іс-қимылдардың алдын алу мақсатында, химиялық, биологиялық, механикалық және термиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерге қойылатын міндетті талаптарды белгілейді.

Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен сонымен қатар, баспа (кітап, журнал) өнімдеріне де мынадай қауіпсіздік талаптары белгіленді:

- балалар мен жасөспірімдердің жас топтарына қарай баспа өнімдерінің мәтіндеріндегі қаріптік ресімделуіне;

- баспа өнімдерін жасауда қолданылатын қағазға;

- бояуға арналған сурет элементтерінің мөлшерлеріне;

- баспа өнімдерінің беттеріндегі жолақтарды ресімдеуге.

Баспа өнімдерінің мәтіндеріндегі қаріптік ресімдеуді жас топтарына қарай жіктеу талаптары:

- мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас),

- мектеп жасындағы кіші балалар (7-10 жас),

- орта мектеп балалары (11-14 жас),

- жоғарғы мектеп жасындағы балалар (15-18 жас).

Баспа өнімдері химиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс, және де көлемі техникалық регламентте белгіленген нормалардан артпай, фенол, формальдегид, қорғасын, мырыш, мышьяк, хром сияқты зиянды заттарды бөлмеуі тиіс.

Аталған техникалық регламенттің 12 бабының 3 тармағына сәйкес, баспа (кітап, журнал) өнімдері аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының), яғни үшінші тараптың қатысуымен 3д, 4д немесе 6д сызбалары бойынша сәйкестіктерін мәлімдеуге жатқызылады. Сәйкестілік туралы декларацияның қолданылу мерзімі – 5 жылдан аспайды.

Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 527 Шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және жою тәртібі туралы Ережемен көзделген барлық рәсімдерден өткен. Соның ішінде, бұқаралық талқылау (бұқаралық талқылаудың мерзімі – 60 күнтізбелік күннен кем емес) және Кеден одағына мүше мемлекеттерде мемлекет ішілік келісу. Техникалық регламенттің жобасы Кеден одағының консультативтік комитеттерінің отырыстарында бірнеше рет қаралды.

Бұқаралық талқылау аясында баспа (кітап, журнал) өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға қатысты ескертпелер болған жоқ. Техникалық регламентті қабылдаған күннен бастап жеке тұлғалардан да, заңды тұлғалардан да, Еуразиялық экономикалық комиссияға баспа өнімдеріне қойылатын техникалық регламенттің талаптарын белгілейтін нормаларын түсіндіріп беру туралы өтініштер түскен жоқ.

Баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға Техникалық регламенттің талаптарын қолданысқа енгізілуіне дайындалу мүмкіншілігін беруді қамтамасыз ету мақсатында, № 797 Шешімімен 2014 жылдың 15 ақпанына дейін өндірушілер, техникалық регламент күшіне енгізілгенше берілген сәйкестігінің расталғандығы туралы құжаттары бар өнімдерін айналымға шығару құқықтарын көздейтін өтпелі ережелер белгіленген.

 

Осылайша, № 797 Шешімнің 3.2. тармағына сәйкес, Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерімен немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген, техникалық регламент күшіне енгенше берілген немесе одан бұрын қабыл алынған талаптарға міндетті түрде сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттар, әрекет ету мерзімдері аяқталғанша, алайда 2014 жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей жарамдылықта болады.

№ 797 Шешімнің 3.3 тармағымен, 2014 жылдың 15 ақпанына дейін, Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерімен немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген, техникалық регламент күшіне енгенше берілген немесе одан бұрын қабыл алынған талаптарға міндетті түрде сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттар, қолданылу мерзімі мерзімдері аяқталғанша өнімдерді өндіруге және оларды айналымға шығаруға рұқсат берілетіндігі белгіленді.

  

№ 797 Шешімнің 3.4 тармағымен, № 797 Шешімнің 3.2. тармағында көрсетілген сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттар қолданыста болған кезде айналымға шыққан өнімдердің айналымына, Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген өнімдердің жарамдылық (қызмет ету мерзімі) ішінде рұқсат етілетіндігі анықталды.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 90 Шешімімен Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерімен немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген, техникалық регламент күшіне енгенше берілген немесе одан бұрын міндетті түрде сәйкестігін бағалауға (растау) жатқызылмаған өнімдердің жекелеген түрлерін 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өтпелі кезең ішінде өндіруге және оларды айналымға шығаруға мүмкіншілік берілетіндігі белгіленді.

Сонымен қатар, № 797 Шешімімен стандарттау саласындағы құжаттардың Тізбесі бекітілді, соларды пайдаланудың нәтижесінде Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарының ерікті түрде сақталуы қамтамасыз етіліп отыр және ол соның ішінде баспа (кітап, журнал) өнімдеріне арнап бекітілген мына стандарттарды қамтиды:

- МемСТ 7.60-2003 «Ақпарат, кітапханалық және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Баспалар. Негізгі түрлері. Терминдер мен ұғымдар»;

- МемСТ 3489.1-71 «Баспаханалық қаріптер (орыс және латын графикалық негіздерінде). Топтастыру. Индекстеу. Қаріптің сызығы. Сыйымдығы»;

- МемСТ 3489.23-71 «Баспаханалық қаріптер. Мектеп гарнитурасы (орыс және латын графикалық негіздеріндегі алфавиттерге арналған). Арналуы. Сурет. Қаріптің сызығы.Сыйымдығы».

 

2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Техникалық реттеу туралы» № 184-ФЗ Федералдық заңының 46 а бабына сәйкес, Ресей Федерациясында стандарттарда белгіленген өнімдерге қойылатын талаптар, тиісті техникалық регламенттер күштеріне енгенше пайдалануға міндетті болатындықтарын айта кеткен жөн.

Бұл Техникалық регламентте, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 Шешімімен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылатын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптармен белгіленген, балалар мен жасөспірімдерге арналған баспа кітаптарына және басқа да полиграфиялық өнеркәсіптің бұйымдарына қойылатын талаптардан басқа жаңа талаптар енгізілген емес. Олар Кеден одағының кеден аумағында 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданылып келеді.

Оған қоса, техникалық регламенттегі белгіленген баспа (кітап, журнал) өнімдерінің қауіпсіздік талаптары Ресей Федерациясы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» № 307 қаулысымен бекітілген Ресей Федерациясының техникалық регламентіндегі осындай ұқсас талаптардың негізінде белгіленіп отыр.

 

Осылайша, бизнес үшін және бақылау (қадағалау) органдары үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерімен, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған техникалық регламенттің талаптарына көшуге барлық жағдайлар жасалды.

Тараптар, Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға жауапты органдарды тағайындады. Мәселен, Ресей Федерациясында – Роспотребнадзор, Қазақстан Республикасында – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі. Еуразиялық экономикалық комиссия жоғарыда аталған талаптарды полиграфиялық кәсіпорындардың орындауы тұрғысында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға жауапты органдарға сұрау салуды жоспарлап отыр.