Жүйеге кіру
Владимир Гошин: «Біз, Кеден одағының кедендік заңнамасын жетілдіру процесінде бизнес-қоғамдастықтармен белсенді түрде ынтымақтастықта болатынымызға үміттенеміз»

Владимир Гошин: «Біз, Кеден одағының кедендік заңнамасын жетілдіру процесінде бизнес-қоғамдастықтармен белсенді түрде ынтымақтастықта болатынымызға үміттенеміз»

14.03.2013

13 наурыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Владимир Гошин Еуропалық бизнес қауымдастығындағы Кеден және көлік бойынша Комитеттің отырысына қатысты.

Отырыстың барысында Кеден одағының кедендік заңнамасын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ бұл реттегі басқа да түйінді мәселелер талқыланды. Бизнес топтардың өкілдері Кеден одағының 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден кодексі туралы Шартын толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың дайындалу процесі жайында, сондай-ақ Кеден одағының кедендік заңнамасын кодификациялаудың алдағы келешегі жайлы хабардар етілді.

Еуропалық бизнес қауымдастығының өкілдері Кеден одағында уәкілетті экономикалық оператор институтын дамыту, кедендік ақпараттық технологияларды жетілдіру мәселелеріне зор қызығушылық танытты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден саласындағы бизнеске арналған аса маңызды шешімдерінің жобаларын қабылданғанға дейін бұқаралық талқылаудың перспективасын қолдады.

«Құқықтық актілерді дайындау әзірленіп отырған бастамаларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің бизнес топтарының мүдделі өкілдерімен жан-жақты талқыламай мүмкін болмайды. Бизнес-қоғамдастық бұл процесте ынталы позициясын білдіреді деген сенімдеміз», -деп ескертті і Владимир Гошин.