Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ЕАЭО-ның үшінші елдермен экономиканы дамытудағы байланысын талқылады

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ЕАЭО-ның үшінші елдермен экономиканы дамытудағы байланысын талқылады

14.03.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі болды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен қарым-қатынастарын  тереңдете түсу перспективаларын талқылады.

Тигран Саркисян үшінші ойыншылардың Одақпен ынтымақтастыққа қызығушылығының күннен күнге өсіп келе жатқанын айтты. «ЕАЭО сыртқы сауда қызметі барған сайын кең бағыт алып келеді. Біздің бірлестікке деген қызығушылық жоғары, біз сауда-экономикалық қатынастарды орнатуға өтініштер алып жатырмыз, ең алдымен еркін сауда аймағы туралы шарттар жасасуға қызығушылық білдіруде», - деді ЕЭК Алқасының Төрағасы Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездесуде. Тигрян Саркисянның айтуынша, Одақтың сыртқы экономикалық қызметінің басымдықтарын анықтау бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Сергей Лавров Мемлекет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің осы тақырыптың халықаралық ұйымдарда белсенді түрде алға жылжуына және ЕАЭО халықаралық беделін нығайтуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдағанын атап өтті. «Бұл өте маңызды жұмыс деп есептейміз, - деді РФ Сыртқы істер министрі. – Интеграциялық процестер, әсіресе өңірлік интеграцияға қатысты процестер дүние жүзінде өріс алып келеді. Біз олардың дами түсуін және бірыңғай ғаламдық жүйені сақтап қалуды, соның ішінде Дүниежүзілік сауда аясында сақтап қалуды қалаймыз.