Жүйеге кіру
ЕЭК-да КО және БЭК елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары кездесті

ЕЭК-да КО және БЭК елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары кездесті

14.04.2014

11 сәуір күні Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың жетекшілігімен «үш қосу бір» форматында Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің монополияға қарсы орган басшыларының кездесуі болып өтті.​

Қазақстандық тараптан Бәсекелестікті қорғау бойынша агенттіктің төрағасы Ғалым Оразбақов, ресейлік тараптан – Федералды монополияға қарсы қызметтің басшысы Игорь Артемьев қатысты.

Нұрлан Алдабергенов отырысты аша отырып, атап өтті: «КО мүше-мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының БЭК аумағындағы бәсекелестіктің жүйелік және стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер жасау бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара әрекеттесуі – ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату үшін маңызды болып табылады.

Өз кезегінде, Ресейдің ФМҚҚ басшысы Игорь Артемьев, «ЕЭК өзінің тәжірибелік қызметіне кірісті және біздің үш органымыздағы қызметті үйлестіруде. Біз бір бірімізге ақпарат ұсынамыз және бұл одан әрі маңызды болып келеді» - деп атап өтті.

Кездесуде трансшекаралық нарықтардың ағымдағы жағдайына және оларды талдаудың әдістемелік жолдарына қатысты мәселелер, сонымен қатар ағымдағы жылғы жұмыстың одан арғы жоспары талқыланды.

ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясат жөніндегі департамент директорының орынбасары Борис Парсегов отырысқа қатысушыларға ЕЭК қамқорлығымен құрылған Бәсекелестік бойынша әдістемелік кеңестің жұмысы туралы хабарлады. Борис Парсеговтың айтуы бойынша, Әдістемелік кеңестің қызметі тауарлық, соның ішінде трансшекаралық нарықты талдау бойынша, тауарлық нарықтардың әдістемелік зерттелуін жетілдіру және белгілі тәжірибе мен үздік дүниежүзілік тәжірибе негізінде оларды жақындату бойынша ұсынымдар дайындау бойынша әдістемелік жұмысты жетілдіруге бағытталған. 

ЕЭК Монополияға қарсы реттеу директорының орынбасары Алмат Фазыл электр энергетикасы, әуе және теміржол тасымалдары саласындағы трансшекаралық нарықтардағы ағымдағы жағдаймен таныстырды.

Мысалға, Қазақстанда Екібастұз ГРЭС Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығы кезінде, өндіріп шығаратын электр энергиясының айтарлықтай көлемін қазақстандық нарыққа қарағанда Ресейге аса төмен бағамен өткізеді. Сол уақытта, электр энергиясы тапшылығы орын алып отырған Қазақстанның батыс облыстары оны Ресейден аса жоғары бағамен алады. 

Жолаушылардың әуе тасымалдары нарығында, отырысқа қатысушылардың қызығушылығын «Трансаэро» ресейлік әуе компаниясының баға саясаты туралы мәселе тудырды, бұл әуе компаниясының қашықтығы бойынша салыстырмалы Мәскеу-Астана (2290 км), Мәскеу-Қарағанды (2478 км) рейстерінің бағалары 2 есе ерекшеленеді. Сонымен, Мәскеу Астанаға ұшу Мәскеуден Қарағандыға ұшудан екі есе қымбат тұрады, бұл ретте Астана және Қарағанды қалаларының арасындағы қашықтық 215 км құрайды. Осыған орай, КО және БЭК мүше-мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына монополиялық жоғары бағаның мәнін анықтау үшін тарифтердегі айырмашылық себебін анықтау ұсынылды. 

БЭК аумағында жолаушылардың теміржол және әуе көлігімен тасымалдарының бағасын салыстырғанда, Фазыл Алматтың айтуы бойынша, алдын ала сатып алған кезде авиабилеттің бағасы Қазақстан, Ресей және Белоруссияның астаналары арасында шамамен бірдей, ал кейбір бағыттарда сол маршрут бойынша купе вагонындағы жол ақысына қарағанда арзан. Бұл жағдайды ЕЭК қызметкерлері бағаларды мониторингтеу барысында анықтады. Кездесуге қатысушылар істердің мұндай жағдайы экономикалық жөнсіздік болып табылатынына келісті. Мұндай жағдайдың себептері ретінде Комиссия қызметкерлері теміржолшыларға Беларусь Республикасы, Ресей және Қазақстан арасында бірнеше есе жоғары тарифтерді қолдану мүмкіндігін беретін, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Ресей және өзге елдер арасында жасалған Мемлекетаралық жолаушылар тарифі туралы келісім болып табылады. «Түраралық бәсекелестік көрсеткендей, ұшақ, әрине, барлық қатынаста аса тартымдырақ және бұл тарифтік реттеудегі дөрекі есептеу қателіктерін білдіреді. Лоббишілер тарифтерді лоббилендіруде тым алысқа кетті, ал тиісті реттегіштер, кешіріңіздер, бұған қол қойып, теміржол бойынша тиістісін қабылдады. Реттегіштерді тоқтататын кез келді» - деп, теміржол және авиациялық тарифтермен орын алған жағдайға түсініктеме берді, Ресейдің ФАС басшысы Игорь Артемьев.

Фосфат шикізатының нарығында да, үстем субъекттермен бір тауарға әртүрлі бағаларды белгілеу түрінде Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімнің бұзылу белгілері күтіледі. Сонымен, ресейлік фосфат шикізатын өндірушілер оны Беларусь Республикасының қайта өңдеушілеріне қарағанда, ресейлік қайта өңдеушілерге 2,5 есе арзан сатады, бұл нәтижесінде бәсекелестіктің тең емес жағдайларына әкеледі және Ресей мен Беларустың тыңайтқыш өндірушілері арасындағы бәсекелестікті шектейді.

Сондай-ақ, отырыста Біртұтас экономикалық кеңістіктегі халықаралық ұялы байланыс (роуминг) қызметтеріне тарифті нөлге теңестіру туралы мәселе қаралды. Роуминг нарығына жүргізілген талдау үй желісіндегі халықаралық қоңырауларға тарифтермен салыстырғанда роумингтегі қоңыраулардың тарифтері 20-50 есе жоғары екенін көрсетті. Ұялы операторлардың роумингте көрсетілетін қызметтерінен кірістің үлесі 3-4 пайыздан аспайтыны, ал роумингтегі тарифтердің төмендеу жұмыс күші мен бизнестің БЭК аумағында еркін қозғалысын қамтамасыз етуге, телекоммуникациялық желілерді дамытуға себепші болатыны атап өтілді. Кездесуге қатысушылар Еуропалық одаққа (ЕО) ұқсастық бойынша роумингті кезеңмен төмендету және одан әрі нөлге теңестіру механизмін қарастыратын, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешім жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу туралы мәселені тиісті мемлекеттік органдармен пысықтауға келісті. ЕО 2007 жылы Еуропарламент пен Еурокомиссия кеңесінің бірлескен директивасын қабылдады, ол роумингтегі тарифтерді 10 есе төмендету мүмкіндігін берді. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап ЕО роумингті толығымен нөлге теңестіруді жоспарлайды.

Сондай-ақ, отырыста «параллельді импорттың» проблемалары талқыланды, оларды тәуелсіз жеткізушілер мен ресми дилерлер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы жекешелендіру импортталатын брендтік тауарлардың бағасын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді.

Кездесудің қорытындысы бойынша, мынадай бірлескен жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды: «параллельді импортты» жекешелендіру мен тыйым салудың трансшекаралық тауарлық нарықтардағы бәсекелестіктің жағдайына әсерін талдау бойынша ; халықаралық ұялы байланыстың, электр энергиясы, авиациялық және теміржол тасымалдары, фосфатты шикізаттың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жағдайын зерттеу бойынша.