Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасының отырысы болып өтті

13.05.2014

13 мамыр күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті отырысы болып өтті. Ықпалдастық және макроэкономика, сауда, кедендік ынтымақтастық, экономикалық және қаржы саясаты, техникалық реттеу салаларындағы мәселелер қаралды. 

Атап айтқанда, Алқа ЕЭК Кеңесінің «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «2014-2015 жылдарға арналған Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары туралы» шешім жобасы туралы» шешім жобасын қабылдады.

Сонымен қатар ЕЭК Кеңесінің «2010 жылдың 20 мамырындағы Кеден одағында кедендік әкелім бажын (баламалы әрекеті ететін өзге баж салықтары, салықтар мен алымдарды) есептеу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімді 2013 жылы жүзеге асыру туралы» шешім жобасы қабылданған болатын. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сулейменов 2013 жылы кедендік әкелім баждарын (баламалы әрекеті ететін өзге баж салықтары, салықтар мен алымдарды) есептеу және бөлу механизмінің қолданылу қорытындылары туралы есеп берді. Тимур Сулейменов кедендік әкелім баждарын есептеу және бөлу механизмінің тиімділігі мен барабарлығын белгіледі. Кедендік әкелім баждарын бөлуге және Тараптардың бюджеттеріне аударуға байланысты бұзушылық фактілері 2013 жылы тіркелмеген. ЕЭК Кеңесінде қаралғаннан кейін есеп үкімет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына шығарылады. ЕЭК Алқасы 2010 жылдың 20 мамырындағы Кеден одағында кедендік әкелім бажын (баламалы әрекеті бар өзге баж салықтары, салықтар мен алымдарды) есептеу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімнің жүзеге асырылуын мониторингтеу бойынша жұмысын жалғастырады.

Бұдан басқа, техникалық реттеу саласында бірқатар шешімдер қабылданды. Сонымен, ЕЭК Алқасы Кеден одағының «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің техникалық реттеу нысаны болып табылатын өнімге қатысты бірыңғай құжаттардың берілуімен қатар Кеден одағының шеңберінде сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын Бірыңғай өнім тізбесіне өзгертулер енгізді. Аталған тізімнен 13 «Жиһаз» бөлімі алынып тасталды. Сонымен бірге кеден декларациясына Кеден одағының «Жарылғыш заттектер мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат қоса берілетін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесі бекітілген. Аталған шешімдер 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. 

ЕЭК Алқасы Кеден одағы комиссиясының 2010 жылдың 28 мамырындағы № 299 шешімінің 2-1 тармағына өзгертулер енгізді. Осы шешіммен, Алқаның әрекетке енгізу тәртібі туралы бірқатар шешімдерімен қарастырылған, өтпелі кезеңге, тиісті техникалық регламенттердің техникалық реттеу нысаны болып табылатын, Өнімге қойылатын бірыңғай санитарлық талаптардың 1. «Тағамдық өнімдердің қауіпсіздік және тағамдық құндылық талаптары» бөлімі және 6. «Полимер және құрамында полимері бар құрылыс материалдары мен жиһазға қойылатын талаптар» бөлімінің талаптарын қолдану бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар бекітілген. Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің күшіне енуіне байланысты тармақ екі абзацпен толықтырылған. Бұл техникалық регламенттер күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің аталған талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттары болған жағдайда, Бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкес өтпелі кезең аяқталғанға дейін өндірілген және айналымға шығарылған өнімді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мүмкіндігін береді, бұдан басқа, – аталған техникалық регламенттердің техникалық реттеу нысаны болып табылатын өнімге қатысты қос реттеуді болдырмайды. 

Сонымен бірге, ЕЭК Алқасы Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 18 қазанындағы № 825 шешіміне өзгертулер енгізді. Қабылданған шешімге сәйкес қолданылуы нәтижесінде Кеден одағының «Жарылу қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарының ерікті түрде сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар Тізбесі, ал сонымен қатар  аталған Шешіммен бекітілген, Кеден одағының «Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс жасауға арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау мен өнімнің сәйкестігін бағалауға (растауға) қажетті, үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулердің ережелері мен әдістерін қамтитын стандарттар Тізбесі өзгертілген. Өзгертулер Кеден одағына мүше-мемлекеттердің экономикалық қажеттілігіне және халықаралық тәжірибеге сәйкес өнімнің бір түріне стандарттардың бірнеше нұсқасының қолданылу концепциясын көрсетеді.