Жүйеге кіру
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы

Заседание ВЕЭС.png
14.05.2020

Күн тәртібінде – 10 мәселе, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары туралы, 2019 жылы ЕАЭО халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, ЕЭК-тің 2019 жыл ішіндегі трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы жылдық есебі және олардағы бәсекелестіктің ортақ қағидалары бұзылуының жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралар туралы мәселелер бар.

ЖЕЭК Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекітеді деп бағамдалуда. Құжатта қатталған шаралар мен механизмдердің тізбесі (330 позиция) іс жүзінде интеграцияны одан әрі дамытудың «жол картасы» болып табылады, оны орындау алдағы уақытта 13 халықаралық шартты, ЕАЭО-ның 60-тан астам нормативтік құқықтық актісін әзірлеуді және қол қоюды, Одақ туралы шартқа шамамен 25 өзгеріс пен толықтыру енгізуді, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына өзгерістер енгізуді көздейді.

ЖЕЭК мүшелері сондай-ақ Одақ мемлекеттерінің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Одақтың басқа мемлекетінің аумағында орналасқан пункттер арасында жүктерді автомобильмен тасымалдауды орындауын кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын іске асыруды қарайды. Бұдан басқа, күн тәртібінде ЕЭК-тің кадрлық құрамын қалыптастыру механизмін нақтылау бөлігінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама бар.​