Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің бас санитариялық дәрігерлері коронавируске қарсы күрестің бірыңғай кешенді жоспарын талқылады

ЕАЭО елдерінің бас санитариялық дәрігерлері коронавируске қарсы күрестің бірыңғай кешенді жоспарын талқылады

14.05.2020

12 мамырда ЕАЭО мемлекеттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде COVID-19 және басқа да жаппай жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу жөніндегі кешенді жоспар жобасын талқылауға айрықша назар аударылды. Бұл пандемия жағдайындағы сегізінші отырыс.

Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің, Еуразиялық экономикалық комиссияның санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Өзбекстанның шақырылған өкілдері бейнеконференция режимінде эпидемияға  қарсы ең өзекті мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеді.

Жоспар жобасын «Роспотребнадзор» Комиссияның бейінді департаментімен бірлесіп әзірледі, елдердің санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерімен келісілді және қазір Одақ органдарының қарауына шығару үшін ЕЭК-те құқықтық сараптамадан өтуде.

Биылғы 14 сәуірде өткен жұмыс кездесуінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері айтқан бастамаларды іске асыру жұмысы шеңберінде Одақ мемлекеттері арасында құрылған «жасыл дәліз» бойынша жүру кезінде жанар май құю және жүргізушілердің демалу орындарын қоса, автокөлік аялдамалары орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды келісуді барынша тездету жайы шешілді.

Талаптар жобасын Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының тиісті санитариялық-эпидемиологиялық талаптары негізінде Комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті әзірледі және Одақ елдерінің уәкілетті органдарында қараудан өтеді.

Отырысқа қатысушылар елдерде өткізіліп жатқан төтенше режимнен біртіндеп шығу және экономикалық қызметті жандандыру іс-шараларына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің сайттарында қызметтер көрсету саласы кәсіпорындары мен өнеркәсіп объектілерінің эпидемияға қарсы күшейтілген режимдегі жұмысы жөнінде ұсынымдар орналастыруды шешті. Сондай-ақ елдерде салынып жатқан және іске қосылатын өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілердің жабдықтарын ретке келтіру бойынша нақты міндеттемелерді орындау үшін жекелеген санаттағы мамандардың жүріп-тұру мәселелері ведомствоаралық деңгейде пысықталады.

Іс-шараға қатысушылар эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы ақпаратпен және коронавирустық инфекциямен күрестің практикалық тәжірибесімен алмасты.

Анықтама

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешімімен құрылды​