Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 23-кеңесі болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 23-кеңесі болып өтті

14.08.2013

13 тамыз күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті отырысында экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым, техникалық реттеу және сауда салаларында шешімдер қабылданды, сондай-ақ кедендік ынтымақтастық пен өнеркәсіптік саясат салаларындағы бірқатар мәселелер қаралды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы құбыр жүргізушілерге кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін 5%-дан 10 %-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Шешім жүк көтерімділігі 90 тоннадан кем емес құбыр жүргізушілерге, оның ішінде солтүстік орындалудағы құбыр жүргізушілерге қатысты. «Бұл шешім импорттың өсуі жағдайында жол-құрылыс техникасын өндірушілерді қолдауға бағытталған, - деп атап кетті ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнев. – Құбыр жүргізушілер импортының көлемі 2012 жылы 16,5% өсті, ал 2013 жылдың қаңтар-наурызында 2012 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 80,9% өсті». Шешім оны ресми түрде жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Техникалық реттеу саласында ЕЭК Алқасы санитарлық, карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық-фитосанитарлық шараларды қолдану саласындағы ЕЭК шешімдері мен кепілдемелерінің жобаларының жария талқылау мерзімін арттырды . Енді құжаттың жобасының жария талқылауы кемінде 60 күнтізбелік күнде өтеді. Сондай-ақ ЕЭК Алқасы жария талқылау кезеңінде құжаттың жобасына келіп түскен ескертулердің (ұсыныстардың) жинақ тізбесін құру мерзімін 10 күннен 30 күнгеарттыратын болады. Осыған байланысты, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылдың 5-наурызындағы «Еуразиялық экономикалық комиссияның санитарлық, карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық-фитосанитарлық шараларды қолдану саласындағы актілерін қабылдау процесіндегі айқындылықты қамтамасыз ету туралы» № 31 шешіміне осы өзгерістерді енгізді. 

Сонымен қатар ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия және Мемлекетаралық авиациялық комитет арасындағы өзара әрекеттестік туралы Меморандумды бекітті. Тараптар Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің мүдделері үшін, сондай-ақ 1991 жылғы 12-25 желтоқсандағы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану бойынша келісімге мүше мемлекеттердің мүдделері үшін азаматтық авиацияның қауіпсіз, жүйелі және реттелген жұмыстарын қамтамасыз ету бөлігінде өзара әрекеттестік орнатуға ниет білдірді.

Бұдан басқа, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия және Халықаралық кәсіподақ бірлестігі – Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясының Қоғамдық ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды мақұлдады. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясының Қоғамдық ұйымы мүше мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек саласында заңнаманы қолдану тәжірибесіне мониторинг жүргізу, еңбек миграциялық ағындарды басқарудағы халықаралық тәжірибені зерттеу, сонымен қатар КО және БЭК мүше мемлекеттерінің еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша өзара әрекеттестіктер сияқты бағыттар бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Атап айтқанда, Алқа отырысында ЕЭК және Бірлескен ұлттардың Азықтық және ауыл шаруашылық ұйымдарының арасындағы өзара әрекеттестік туралы меморандумның жобасын мақұлдау туралы шешім қабылданды. ББҰ Азықтық ұйымы ауыл шаруашылық саясатын, тиімді заңнама және ауылдық өңірлерді дамыту бойынша ұлттық стратегияларды әзірлеу саласында алдыңғы қатарлы халықаралық ұйым болып табылады.

Меморандум жобасында ішіне ауылдық аумақтардың тұрақты дамыту және азықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсер етуі, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, азықтық қауіпсіздіктің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етуін бағалау, аграрлық-азықтық нарықтарды дамыту проблемалары мен жұмы істеуінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша зерттеу жүргізу, сонымен қатар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын, аумақтардың фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіретін ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленген. Меморандумды қабылдау ауылды тұрақты дамытудың халықаралық тәжірибесін одан да белсенді пайдалануға, Комиссия мен Кеден одағы елдерінің жұмыс тәжірибесінде агроөнеркәсіптік саясаттың реформалары үшін жағдай жасайды.