Жүйеге кіру
ЕЭК көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитетінің екінші отырысы өтті

ЕЭК көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитетінің екінші отырысы өтті

14.11.2013

13 қарашада Минск қаласында ЕЭК Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасына қарасты көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитеттің екінші отырысы өтті.

Отырысқа Консультативтік комитеттің мүшелері, ЕЭК, Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Беларусь Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, РФ Экономикалық даму министрлігінің, РФ Федералды көші-қон қызметінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Беларусь, Қазақстан және Ресейдің ғылыми орта мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар көші-қон картасын Кеден одағына (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше мемлекеттердің аумағында қолданудың келешегін талқылады. Сонымен қатар, Консультативтік комитеттің мүшелері еңбек көші-қоны және азаматтардың құқықтық ахуалы тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың жоспарын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің КО және БЭК нарығына өзара қолжетімділігі жолындағы тосқауылдарды қарастырды.

Консультативтік комитет отырысында, еңбек нарығына және көші-қон саласында еңбек етуші мигранттардың Тараптар аумағында тіркеусіз болу мерзімін ұлғайту және ЕЭК-ке қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін көші-қон картасының күшін жою сияқты аспектілерге қатысты ЕЭК ұсынымдарын орындаудың тиімділігі де талданды.

Бүгінгі таңда Беларусь және Ресей, сондай-ақ Қазақстан және Ресей арасындағы азаматтарды тіркеудің жеңілдікті тәртібіне Беларусь пен Қазақстан да қосылды. Бұл КО-ға мүше елдері өз мемлекеттерінің аумағында азаматтарды 30 күн ішінде мемлекеттік тіркеуден бас тартты. Тиісті үкіметаралық келісімге биылғы жылдың 4 қазанында қол қойылды.

Келешекте, Тараптар КО мен ЕЭК-ке мүше мемлекеттерден келетін азаматтар үшін әлеуметтік, медициналық және зейнетақылық кепілдік берудің тең шарттарын қамтамасыз етуге ниетті. Бұдан басқа, КО және БЭК мүше мемлекеттерінің ішкі шекараларында шекаралық бақылауды болдырмау немесе оңайлатуға бағытталған шаралардың кешенін жасау жоспарлануда.