Жүйеге кіру
Бизнес ЕЭК бастамаларын қолдады

Бизнес ЕЭК бастамаларын қолдады

14.11.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның басшылығымен Цифрлық бастамаларды іске асыру жөніндегі жобалау кеңсесі осы жылдың соңына дейін іске қосылатын болады. Бұл туралы  ЕЭК пен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңестің отырысында мәлімделді.  ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян басшылық еткен кеңестің жұмысына ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко мен Одақ елдеріндегі бизнес-қауымдастықтардың басшылары және  ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ірі және шағын бизнесінің өкілдері қатысты.

Одақ елдерінің экономикаларын цифрлық транформациялауға байланысты болатын тақырыптардан басқа, темекі және алкоголь өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үндестіру,  тосқауылдар мен кедергілерді жою, өнеркәсіптік және аграрлық секторлардағы интеграциялану жобаларын іске асыру, еуразиялық технологиялық платформаларды дамыту және еуразиялық брендтерді құру, сондай-ақ Үшінші елдерден импортталатын тауарлардың шығу тегі қағидаларына  өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. 

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян ЕЭК министрлері, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің мүшелері мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері «Одақ елдерінің интеграциялануының одан әрі тереңдетілуі онсыз мүмкін болмайтын маңызды деген бірқатар мәселелерді талқылағандығын» айтып өтті. Ең алдымен, бұл Еуразиялық экономикалық одақ экономикаларының цифрлық трансформациялануының перспективалары. Тигран Саркисянның пікірінше, «қазіргі заманғы интеграциялық бірлестікті ортақ цифрлық күн тәртібінсіз елестету мүмкін емес. Осы саладағы келісілген саясат – жетістікке жетуге мүмкіндік беретін әрі жаңашыл, техникалық тосқауылдардың туындауын болдырмаудың  шешуші факторының бірі».

ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенконың пікірінше, «цифра мен оның оның ұсынып отырған мүмкіндіктері экономикада да, сонымен бірге тірліктің басқа да салаларындағы біздің қызметіміздің сипатын түбегейлі өзгертіп береді. Бұл бізді қоршаған әлімнің жаңа бейнесі. Цифрлық трансформациялану Еуразиялық одақтың негіздеріне де, тиімділіктерін жоғарылата отырып, интеграциялық жобалардың іс жүзінде іске асырылуына да ықпал етуін бастауда».

Тигран Саркисян өзі сөз сөйлегенде, ЕАЭО цифрлық күн тәртібінің шеңберіндегі бастамаларды іске асыруға деген негізгі тәсілдемелерді айқындады және осы жылдың соңына дейін жобалау кеңсесі құрылатындығы туралы отырысқа қатысушыларды хабардар етті. Оған, ЕАЭО елдерінен бір-бір өкілден, яғни цифрлық технологиялар саласындағы жобалармен жұмыс атқарған тәжірибелері бар бес адам кіретін болады. Кеңсенің негізгі міндеті – қандайда болмасын бастамалардың перспективаларын бағалау, олардың интеграциялық әлеуетін айқындау және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. ЕЭК Алқасы Төрағасының бағалауынша, анағұрлым өзекті, алайда сол сәтте анағұрлым күрделі болатыны,  ол – тауарлар мен қызметтердің қадағалану, және олардың таңбалануы және сәйкестендірілуі тұжырымдамасын енгізуге бағытталған бастамалар.

ЕЭК-ке Одақтың елдерінен өтінімдер мен ұсыныстар келіп түсіп жатыр, – деп мәлімдеді Тигран Саркисян. Мысалы , Армения салық органдарына табыс етілетін құжаттардың санын, және оларды ресімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін электронды шот-фактуралардың ортақ жүйесін әзірлеу және ендіру бастамасын ұсынды.

Армяндық тараптың ұсыныстары, әсіресе, ЕАЭО құрамына кірмейтін үшінші елдердің аумағы арқылы тауарларды тасымалдау қажет болған жағдайларда өзекті болады.

Цифрлық бағдарламаларды іске асыру саласындағы келісілген саясатты қалыптастыру қағидаттары мен тетіктері туралы айта отырып, Тигран Саркисян өзара хабардар етуді және қандайда болмасын жобаларға қосылудың мүмкіндігін көздейтін алгоритмді ұсынды. Атап айтқанда, бастамашыл ел әріптестеріне жоспарланып отырған бастамалары туралы хабарлайды, және белгілі бір кезеңнің ішінде Одақтың басқа мемлекеттері сол жобаларға қосыла алатын болады.  Оның үстіне, мұндай рәсім тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы жолдарында жаңадан технологиялық тосқауылдардың туындауындағы қатерлерді барынша төмендетеді.  ЕЭК Алқасының Төрағасы бұл идеяны осы жылдың 25 қазанында Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің (ЕҮАК) елдерінің премьер-министрлері қолдағандығын баса айтты.
Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің кеңесінің (РӨКК)  Президенті  Александр Шохин таяу уақытта РӨКК-де цифрлық трансформациялау жөніндегі комитет құрылатын болады.  Пікірталасқа қатысушылар қоғаммен белсенді диалогтың және цифрландырудың барлық қолдаушыларын бірлескен жобаларға қосудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Одақтың ортақ экономикалық кеңістігіндегі тосқауылдарды жою және бизнес-қоғамдастықтың рөлі – өткізілген отырыстың тағы бір маңызды тақырыбы. ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян ішкі нарықтағы кедергілерді жою – Комиссияның басымды міндеттерінің бірі екендігін айтты.  «Біз өзіміздің тізілімде 198 кедергіні, яғни  тосқауылдарды, шектеулер мен алып тастауларды тіркеп қойдық, және де солардың әрқайсысымен жұмыс істейміз», – деп мәлімдеді Карине Минасян. Бірінші кезекте, тосқауылдарды, яғни ЕАЭО құқығын бұзатын барлық кедергілерді жою жөніндегі күш-жігерлер қолданылмақ.  ЕЭК министрі айтып өткендей, бүгінде 20 тосқауыл бойынша  жұмыс жүргізіліп келеді, соның 15-і жойылып үлгерді.

Тағы бір қол жеткізілген маңызды нәтиже Одақтың ішкі нарығында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалуын бөгеп тұратын зор әсер келтіретін, барлық қатысушы елдермен келісілген 60 кедергі тізімдеп жазылған «Ақ кітапты» дайындау болып табылып отыр.  Карине Минасянның айтуынша, соларды жою үшін нақты іс-шаралар мен оларды іске асырудың мерзімдерін көздейтін «жол карталары» әзірленуде. 25 қазанда Ереванда ЕҮАК отырысында 17 кедергіні және оларды жою бойынша іс жүзіндегі іс-қимылдардың жинағын  қамтитын 2018-2019 жылдарға арналған «жол картасы» қабылданды.

Карине Минасян бизнеспен жүргізілетін диалогтың маңыздылығына ерекше назар аудартты және де барлық анықталған кедергілер туралы және оларды жою жөніндегі егжей-тегжейлі ақпаратты табуға болатындай, ЕЭК https://barriers.eaeunion.org порталын құрғандығы жайлы хабардар етті. Сонымен бірге, кәсіпкерлер өздерінің өтініштерін жазып қалдырып, бизнесін жүргізуге қатысты болатын қандай да болмасын мәселелер жайлы хабарлай алады.  «2017 жылы порталға сондай 164 өтініш келіп түскен», – деді министр, және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін бизнестегі қызметке қандай да болмасын кедергілер ықпал еткендігін бағалау үшін белсенді түрде өзара ықпалдасуға шақырды.

ЕАЭО Іскерлік кеңесінің мүшелері мен бизнестің өкілдері ЕЭК-ң Үшінші елдерден импортталатын тауарлардың шығу тегінің жаңа қағидаларын бекіту жөніндегі ұсыныстарын талқылады.  ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина атап айтқандай, Еуразиялық экономикалық одағы туралы Шартта көзделген қазірде қолданыстағы қағидалардың жаңартылуы 2018 жылдың басында ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр. Атап айтқанда, ЕЭК министрі отырысқа қатысушылардың назарын, «шығу тегінің қалдық шамалары» атты ұғымға ерекше аудартты. Олар күрделі жағдайларда импортталатын тауарды шығарған елді айқындауға әрі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін ықтималды қосымша кедендік жүктемелерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Вероника Никишина, егер тауар бір елде басқа елде немесе елдерде жасалған жинақтамалардан өндірілген жағдайларда, базалық критерийді, яғни тарифтік сыныптаманың ауысуын пайдалану ұсынылатындығын айта кетті.  Бұл ретте импортталатын өнімдердің СЭҚ ТН бастапқы төрт таңбасы деңгейінде тауарлы сыныптамада болған өзгерістерді қайта өңдеудің жеткілікті деңгейі деп санауға болады. Егер де мұндай ауысым орын алмаған болса, онда шығарған ел Одақтың кедендік реттеу мақсаттары үшін «беймәлім» болып қалады.

Мұндай құқықтық айқындалмағандық ЕАЭО жаңа Кеден кодексі күшіне енген соң жағымсыз салдарларға апарып соқтыра алады.   Шығарған елі «белгісіз» болатын тауарларды нық адал жеткізушілерге қатысты 314-баптың негізінде осындай тауарларға қатысты белгіленген тарифтік емес шаралар немесе демпингке қарсы баждар қолданылуы мүмкін.  Соның нәтижесінде тиісті өнімдерді импорттаушылар мен тұтынушылар заңнамадағы шикі тұстардан қосымша қаржылық шығындар жіберулері мүмкін болады.

ЕЭК пікірінше, бұл жағдайдың оңтайлы шешімі ретінде болатын – «шығу тегіні қалдық шамаларын» енгізу, ол қосымша жүктемелерден құтылуға мүмкіндік береді. «Қалдық шамаларды» пайдаланудың басты мақсаты – егер де негізгі критерий орындалмайтын болса, шындығында тауарды шығарған елді айқындау және де мәлімдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.  Бұл жағдайда, тіпті түпкілікті өндірушінің кәсіпорнындағы технологиялық операциялар СЭҚ ТН (бұйымдарды қаптамалау немесе орамдау, түпкілікті өңдеу және т.б.) бастапқы төрт санның ауысуына жеткізбейтін болған жағдайлардың өзінде, жинақтамалардың ең жоғары құнының немесе бастапқы материалды шығарған елді айқындау қағидаты қолданыла алады.

ЕЭК-те тауарлардың шығу тегін растаудың қолданыстағы рәсімінің қиындауына апармайтындығына сенімді.  Импорттаушылар бұрынғысынша өздеріне қолайлы болатын амалды таңдай алады – тауарлардың шығу тегі туралы декларацияны немесе тауардың шығу сертификатын ұсыну. «Бұл тәсілдеме үздік деген халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді», – деп айтты ЕЭК министрі.

Пікірталастың тағы бір маңызды тақырыбы – алкоголь мен темекі бұйымдарына арналған акциздердің мөлшерлемелерін үндестіру мәселелерін талқылау болды. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов қазіргі уақытта Одақтың елдерінде мықты алкогольге (1 литр этил спирті үшін 2,2 евродан 7,7 евроға дейін) және темекі бұйымдарына (мың темекі үшін 11,6 евродан 31,3 евроға дейін) арналған акциздер мөлшерлемелерінің елеулі айырмашылығының болуы көрініс тауып отырғандығын хабарлады.     ЕЭК министрі акциздің индикативтік мөлшерлемесін қамтитын акциздік мөлшерлемелердің дәлізін және де Одақтың әрбір елі үшін ауытқулар диапазонын анықтау ісі алға қойылған міндетті шешудегі тиімді тәсіл болған болар еді, -деп санайды. Бұл Одақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамудағы және халықтың табысындағы айырмашылықты ескеруге, сондай-ақ ЕЭК пен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің әрекеттерінің  бизнес үшін болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тимур Жақсылықовтың пікірінше, өзге амалдар, соның ішінде акциздік мөлшерлемелердің күрт жоғарылауы бағамдық үрейге және де Одақтың бірқатар елдерінде темекі мен алкоголь өнімдерінің заңсыз нарықтар көлемінің күрт өсуіне апарып соқтыра алады.

Іскерлік топтардың өкілдері осы мәселе бойынша Комиссияның ұстанған бағытын қолдады. «Бүгін біз осы өзекті тақырыпты талқыладық, десек те,  бизнес алкогольдік нарық бойынша келісім тиісті ұлттық нарықтардың салық мөлшерлемелерінің арасындағы ықтималды айырмашылықтардың ұғынықты дәлізімен, алайда ұғынықты реттеліп отыратын дәлізбен, түсінікті перспективасымен акциздік саясатты үндестіру жағына қарай қозғалуына үміттенеді», – деп түсіндірді ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко.

Экономиканың нақты секторында анағұрлым перспективалы кооперациялық жобаларды бағалаумен Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский сөз сөйледі. Оның пікірінше, ЕАЭО ортақ операторының басқаруымен Одақ елдерінің орбиталық спутниктерінің космостық топтамасының құрылуын анағұрлым пысықталған жоба деп санауға болады.

Сонымен бірге, бақылаудың әрі басқарудың электронды технологияларын қолданатын заманауи жоғары тиімді астық жинайтын комбайн жасау жобасы зерттелуде. Мұндай жобаның іске асырылуы ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы технологияларды және жаңа құзыреттерді меңгеруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. «Бұл жобаны іске асырудан келетін кооперациялық әсер айтпаса да түсінікті. Бұл дегеніміз, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі, қуаттылықтарды жүктемелеу, жаңадан ашылатын жұмыс орындары, «Индустрия 4.0» стратегиясына жақындай түсу, сабақтас салалардың жоғары өсімі», – деген сенімде Сергей Сидорский. ЕАЭО-да электр жетегінде жүре алатын әрі пилотсыз басқару мүмкіндігі болатын инновациялық көлік құралдарын әзірлеу және өндіріп шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр

ЕЭК министрі айтқандай, Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің компаниялары еуразиялық жарық-техникалық холдингін құру жобасын іске асыруға даяр.  «Бағдарламаның тақырыптамасы өте қызықтырарлық: шамнан жарықдиодтарға көшу және де Одақтың жарық-техникалық өнімдерін жасау», – деді Сергей Сидорский. Сонымен бірге, ол еуразиялық технологиялық платформалардың идеясының іске асырылуы биотехнологиялар, фотоника және медицина салаларындағы бастамалардың әзірленуін бастауға мүмкіндік бергендігін атап өтті.

ЕАЭО-да тікелей интеграцияланған зергерлік холдингтің идеясын да перспективалы жобаларға жатқызуға болады.  Одақтың елдерінде 120-дан астам ірі кәсіпорындармен ұсынылып отырған өндірістік база қалыптастырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдардың ЕАЭО мүше мемлекеттеріне әкелінген импорт көлемі экспорттың көлемін екіден астам есеге, ал асыл тастар мен жартылай бағалы тастардан жасалған зергерлік өнімдер импорты – оннан астам есеге артқан.  Бұл ретте, өндірістік кешендердің арасында өзара іс-қимыл жасаудың болмауы, жаһандық бәсекелестік жағдайларында олардың одан әрі дамуының мүмкіндіктеріне шектеулер қояды.  Зергерлік саладағы күш-жігерлердің біріктірілуі кәсіпорындардың жүктемелеуіне және де нарықтағы еуразиялық өндірушілердің позицияларын күшейтуге септігін тигізген болар еді. Осындай холдингті құру жөніндегі жұмыс мамандандырылған еуразиялық технологиялық платформаның базасына негізделуі әбден мүмкін.