Жүйеге кіру
Цифрлық технологиялар сыртқы сауда рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді

Цифрлық технологиялар сыртқы сауда рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді

14.12.2017

«Жаңа технологиялық уклад биігіндегі бірыңғай терезе» деп аталатын трансшекаралық қағазсыз сауда жөніндегі  халықаралық конференцияда  Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК)  Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Мукай Кадыркулов ұлттық механизмдерде аса жаңа ақпараттық технологиялардың  «бірыңғай терезесін» қолдану мүмкіндігі, соның ішінде Big data,бұлттық шешімдер және деректердің толассыз өңделуі  туралы  мәлімдеді.

Мукай Кадыркулов «бірыңғай терезенің»  экожүйесі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кең ауқымды бірлескен жобасы шеңберінде құрылатынын атап өтті. Бұл қағидатты іске асыру сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) сапалық тұрғыда жаңа деңгейде  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нақты уақыт режиміндегі «бірыңғай терезе» өнім берушіден бастап тұтынушыға дейін – бизнестің трансшекаралық сауданың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік биліктің барлық бақылаушы органдарымен   өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. СЭҚ қатысушылары тауарлардың орын ауыстыруы кезінде логистикалық, банктік және өзге операцияларды жүзеге асыра отырып, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасай алады.

Осы жобаның үйлестірушісі болып табылатын ЕЭК министрі ұлттық реттеуші органдар мен Комиссияның үстіміздегі кезеңдегі негізгі міндеті – электрондық құжаттарды ауыстырудан заң жағынан маңызды деректерге ауыстыруға қарай көшудің құқықтық негізін қамтамасыз ету екендігін атап көрсетті. «ЕАЭО Кеден  кодексі күшіне енгеннен кейін іске асырылатын нәрсе, біріншіден, тауардың қағаздағы қандай да бір ілеспе құжаттарынсыз кең ауқымда электрондық декларациялауға  көшу. Келесі қадам - электрондық құжаттарды ауыстырудан заң жағынан маңызды электрондық түрдегі деректерге көшу. Бұл Одақтың барлық цифрлық жобасын, соның ішінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезе»  механизмін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың бақыланып отыру механизмін іске асырудың базалық шарты»,- деді Мукай Кадыркулов.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Карине Минасян өз кезегінде конференцияға қатысушылар назарын цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды дамыту кезінде кешенді тәсілдемелер қажет екендігіне аударды.

«Өзара іс-қимылдың ескі «қағаздағы» моделінен қол үзу қажет. Жаңа міндеттерді ескі әдістермен шешу мүмкін емес. Жаңа бизнес-модельге бағдар ұстай отырып, бізге мемлекеттік сектордағы тәсілдемелерді өзгертуге тура келеді. Мысалы, толассыз процестер мен деректер ағынын стандарттау «бірыңғай терезе» ұйымдастыруға да, сыртқы экономикалық қызметке де қатысты тәсілдемелерді қағидатты түрде өзгертеді,- деді Карине Минасян.

Конференцияға қатысушылардың көпшілігі сыртқы сауда рәсімдерін жеңілдету жаһандық халықаралық стандарттарды, деректер моделін және трансшекаралық қағазсыз сауданың құқықтық негіздерін пайдаланбай мүмкін болмайтынын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар жаңа технологиялардың дамуындағы үрдістерді, олардың «бірыңғай терезе» механизмі мен халықаралық сауданы жетілдірудегі ықпалын, сондай-ақ блокчейн, смарт-контракт, бұлттық есептеулер, заттар Интернеті, деректердің «құбыржелісі» сияқты және басқа да технологияларды пайдалану перспективаларын талқылады.

Іс-шара шеңберінде Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ  елдері үшін «бірыңғай терезе» эталондық моделінің тұжырымдамалық негіздерін пайымдауы да ұсынылды.

ЕАЭО елдері бұдан бұрын ұлттық жобаларды дамыту үшін ортақ бағдар болатын «бірыңғай терезе» эталондық моделін әзірлеу жөнінде уағдаласқан болатын. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ  елдері сыртқы экономикалық қызметті жүргізгенде тең шарттардың қамтамасыз етілуі үшін қажет.
 
Анықтама
 
7-8 желтоқсанда  М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті алаңында «Жаңа технологиялық уклад биігіндегі бірыңғай терезе» деп аталатын трансшекаралық қағазсыз сауда жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға халықаралық ұйымдардың – БҰҰ ЭСКАТО, БҰҰ ЕЭК, БҰҰ СЕФАКТ, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік кеден ұйымы сарапшылары, Сингапурдың, Корея Республикасының, Еуропалық одақтың, АСЕАН, Африка халықаралық сарапшылары, ЕАЭО-ға  қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының, Орталық Азия мемлекеттерінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның, іскер және академиялық топтардың өкілдері қатысты.