Жүйеге кіру
ЕАЭО жаңа Кеден кодесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді

ЕАЭО жаңа Кеден кодесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді

4247625.jpg
14.11.2017

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау осы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. 2017 жылғы 11 қазанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындылары бойынша дайындалған бірлескен мәлімдемеге қолдарын қоя отырып, Одақтағы елдердің президенттері осы құжаттың тезірек қол қойылуына деген өздерінің даярлықтарын тағы да дәлелдеп берді.

Беларусь пен Ресейде Кеден кодексі сол елдердегі заң шығаратын билік органдарының жоғарғы және төменгі палаталарымен Беларусь Республикасының Ұлттық жиналысымен және Ресей Федерациясының Федералдық жиналысымен қабылданды әрі мақұлданды. Қазақстан Республикасының Парламенті – Мәжіліс те құжатты бекітті. Арменияда оны республиканың Конституциялық соты мақұлдады және ол елдің Ұлттық жиналысында ратификациялау рәсімінен өтіп жатыр. Қырғызстанда құжат республикалық Жоғарғы кеңесте, яғни Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінде қаралып жатыр. 

ЕАЭО Кеден кодексі 2010 жылдың ортасынан бері Кеден одағының қолданыста келе жатқан Кеден кодексін алмастыратын болады.

Одақтың жаңа кедендік заңнамасы электронды технологиялардың қазіргі заманғы дамуының деңгейі ескеріле отырып әзірленді, кәсіпкерлерге пайдасын тигізетін қаншама новеллаларды қамтып отыр. Осы негізін қалаушы құжаттың арқасында кедендік технологиялар цифрланатын болады. ЕАЭО КК құқық қолдану практикасында жиналып қалған көптеген мәселелерді жояды. Жаңа кодекс кеден органының ақпараттық жүйесімен өзара ықпалдаса отырып, Интернет арқылы өз компьютерінен көптеген операцияларды орындауғаға арналған электронды цифрлық қолтаңба болғанда СЭҚ қатысушысы үшін мүмкіндіктерді заң жүзінде бекітеді.

Осымен бірге жаңа кеден заңнамасы СЭҚ қатысушыларын электронды декларация толтырылған негіздегі құжаттарды кеден органына табыс ету қажеттігінен арылтады.  Бұл құжаттарды тек тәуекел бейіндері іске қосылған жағдайда ғана табыс ету керек болады, және де олар кеден қызметкері емес, ақпараттық жүйенің анықтайтын құжаттарға ғана болады.

Көптеген жағдайларда, тауарларға берілген декларацияның тіркеу туралы шешім, тіркеудің өзі, сондай-ақ тауарларды өткізу туралы шешім инспектордың қатысуынсыз, автоматты түрде ақпараттық жүйелермен қабылдана алады.

Жаңа кодекске сәйкес, тауарларды өткізудің уақыты төрт сағатқа дейін қысқартылатын болады, ал Кеден одағының Кеден кодексіндегі бекітілген өткізудің стандартты уақыты бір тәулікпен астам уақытты құрап жүрген.

Жаңа кодекс максималды түрде кедендік бақылау ісін тауарлар өткізілгеннен кейінгі кезеңге ауыстырады, сондай-ақ кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі бірқатар шегерімдерді пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енген соң уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесімен жұмыс атқарып жүрген нарық қатысушыларының жағдайлары елеулі жақсаратын болады, ал жаңа арнаулы жеңілдіктер сол мәртебені одан сайын тартымды ете түседі. 

Жаңа кодексте қазірде ЕАЭО-да жұмыс жүргізіліп жатқан сыртқы экономикалық қызметті реттеудің жүйесіне «бірыңғай терезе» тетігін толыққанды енгізуге арналған заңнамалық мүмкіндіктер кірістірілген.

Бірлескен мәлімдемеде бұл құжаттың өз күшіне енетін мерзімі, яғни 2018 жылғы 1 қаңтар – шегерілмейтін болатындығы айқын айтылады, сондықтан да Одақтағы елдердің   азаматтарына, шаруашылық субъектілері мен мемлекеттік органдарына жаңа ЕАЭО Кеден кодексіне алдын ала қамдана отырып, жаңа жағдайларда  жұмыс істеуге дайындалулары қажет болады.