Жүйеге кіру
ЕАЭО азаматтары мәдениет мекемелеріне бару үшін билеттер сатып алу кезінде шетелдіктер болып саналмайды

ЕАЭО азаматтары мәдениет мекемелеріне бару үшін билеттер сатып алу кезінде шетелдіктер болып саналмайды

15.01.2020

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) азаматтары музейлерге және бірқатар мәдениет мекемелеріне кіру билеттерін нақты азаматтықты ескерместен сатып ала алады, яғни шетелдіктер болып саналмайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өз азаматтары үшін де, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтары үшін де мәдениет мекемелеріне билеттердің бірдей бағасын қолдану Одақ құқығымен айқындалғанына назар аударады.

Алайда Комиссия жүргізген мониторинг нәтижесінде ЕАЭО елдерінің көпшілігінде музейлерде және басқа кейбір мәдениет мекемелерінде өз азаматтарына қарағанда Одақтың басқа елдерінің азаматтары үшін билеттерге жоғарылау баға қолданылғаны анықталды.

Комиссия мен Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша баға айырмашылықтары жойылды.

«Комиссия практика жүзінде бизнес пен Одақ азаматтарының проблемаларын шешеді және біз ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға барлық мүдделілердің қолдауына үміттенеміз»,деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян.​