Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері мен Камбоджа Корольдігі экономикалық ынтымақтастық ауқымын өрістете түсуге дайын.

ЕАЭО елдері мен Камбоджа Корольдігі экономикалық ынтымақтастық ауқымын өрістете түсуге дайын.

15.02.2017

Еуразиялық Экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің  Камбоджа Корольдігімен сауда көлемін арттыра түсу, инвестициялық жобаларды және экономикалық ынтымақтастықтағы жаңа бағыттарды  қолдау  мәселелерін  Еуразиялық Экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының  төрағасы Тигран Саркисян мен Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Сен 14 ақпанда Пномпенде талқылады. Кездесуге ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқасының мүшесі (министр) Татьяна Валовая, Камбоджаның министрлері мен бірқатар жоғары шенеуніктері қатысты.

Тигран Саркисян ЕАЭО елдерінің Камбоджамен экономикалық әріптестігі әзірге тек ішінара ғана пайдаланылып жүргенін атап өтті. Алайда жағдайды қандай құралдардың көмегімен шешуге болады деген түсінік бар. Бір жағынан, камбоджалық кәсіпкерлерді ЕАЭО-та қолданылып жүрген техникалық регламенттермен, фитосанитариялық және ветеринариялық нормалармен, сондай-ақ кедендік реттеу жүйесімен таныстыру қажет. Бұл өзара сауда көлемін кеңейте түсуге және Одақтың нарығына жаңа өнімдер мен тауарлардың шығарылуына мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдерінің өнеркәсіпшілері мен бизнесмендерінің камбоджалық бизнес өкілдерімен тікелей диалогын қалыптастырудың да маңызы зор. Тигран Саркисян алғашқы жұмыс кездесуін  халықаралық Санкт-Петербург экономикалық форум аясында өткізуді ұсынды. Осы алаңда    ЕЭК еуразиялық интеграцияның жаңа трендтері мен сын-тегеуріндеріне арналған сессияның ұйымдастырушысы ретінде болады. ЕЭК Алқасының Төрағасы Еуразиялық Экономикалық комиссияның, ұлттық үкіметтер, ЕАЭО елдерінің бизнес қауымдастықтары және Камбоджа Корольдігі үкіметінің өкілдері кірген   жұмыс тобының бірлескен жұмысы маңызды деп есептейді. 

Өз кезегінде, Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі өз елінің  көптеген жылдар бойы ЕАЭ мемлекеттерінің  ежелден  іскер әріптестігі екенін атап өтті. Одақ елдері  мен Камбоджа  арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім одан әрі  ынтымақтастықтағы  сапалы жаңа қадамға айналуға тиіс. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі белсенді жылжыту үшін  сенімділік ахуалын дамыту, кәсіпкерлер үшін қолдау болатын  заңнамалық орта мен өзара іс-қимылға деген ынталандыру қажет. Хуан Сен, ішінара алғанда, инвестицияларды өзара қорғау туралы  келісімге қол қоюды осындай ынталандырулардың қатарына жатқызды.

Камбоджаның премьер-министрі ЕАЭО пен АСЕАН арасындағы диалогты қолдайтынын, екі бірлестік арасындағы қарым-қатынастарды нығайту  өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға оң ықпалын тигізетінін атап өтті.