Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министр Т.Сүлейменов VIII Қазақстандық қаржы форумына қатысты

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министр Т.Сүлейменов VIII Қазақстандық қаржы форумына қатысты

15.03.2013

14 наурыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов Алматы қаласында өткен VIII Қазақстандық қаржы форумына қатысып, «Біртұтас экономикалық кеңістіктің қаржы нарықтары: келешегі мен жасалған қадамдары» тақырыбында баяндама жасады.

Форумның жұмысында мемлекеттік құрылымдардың және реттеуші органдардың соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, Қазақстанның нарығында қызмет жасап отырған ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Halyk Finance, KASE, Казкоммерц Секьюритиз сияқты қаржы секторындағы жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.

Форум барысында қаржылық дағдарыстан шығу жағдайларындағы халықаралық және қазақстандық қаржы нарықтарының жағдайлары, ықтималды болжамдар мен даму сценарийлері талқыланды. Конференцияда, республикада «белсенді іс-қимылдар» жылы деп жарияланған 2012 жылы Қазақстан экономикасының даму қорытындылары бойынша сценарийлер қаралып шықты. «Белсенді іс-қимылдардың» мақсаты экономиканы қарқынды түрде дамыту. Форумның алаңында жетекші экономистер мен талдаушылардың талдамалық шолулары болды, әлемдік тенденциялармен салыстыра қарағанда, елдің қаржы нарықтарының жағдайына баға берілді, халықтық IPO бағдарламасы талқыланды.

Өз сөзінде ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министр Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық комиссияның 2020 жылға дейінгі ортақ қаржы нарықтарын құру бойынша жұмыс жоспарлары жайында әңгімелеп берді. Тимур Сулейменов айтып өткендей, осы жылдың соңына дейін екі келісімге қол қою жоспарланып отыр. Бәрінен бұрын, БЭК қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісім сөз болып отыр. Аталған құжат банк секторындағы, сақтандыру секторындағы және бағалы қағаздар нарығындағы БЭК мүше елдердің ұлттық заңнамаларына үйлестіру өткізілетін мерзімдер мен кезеңдерді белгілеп береді.

«Жалғыз нормативтік кедергілерді жойып, ұлттық заңнамаларды үйлестіру ісі капиталдың еркін қозғалысына толық кепілдік бермейді. Бір тараптың реттеушісінің БЭК қатысушы басқа елдердің реттеу жүйелері мен шараларына деген сенімін қамтамасыз ету үшін, сол реттеушілердің арасында толық әрі шынайы мәліметтермен алмасып отыруды қамтамасыз ету қажетті», - деп баса айтты Министр.

Қаржы нарықтарының айқындығын жоғарылату және интеграцияланған ақпараттық кеңістік құру міндеті басқа бір құжатты шешуге мүмкіншілік береді – яғни, құпия сипаттағы мәліметтерді қоса санағанда, уәкілетті органдар арасындағы мәлімет алмасу бойынша Келісім. Бұл Келісімге де осы жылдың соңына дейін қол қою жоспарланып отыр.

 

Анықтамалық ақпарат.

Қазақстандық қаржы форумы (бұған дейін – Қазақстан қаржы нарықтарына қатысушылардың конгресі) 2006 жылдан бастап өткізіліп келеді және Қазақстанның қаржы нарықтарына арналған ең ірі іс-шаралардың бірі болып табылады. Конференцияның мақсатты аудиториясы – бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, қазақстанның делдалдық және басқарушы компанияларының қоғамдастықтары, банктердің, зейнетақы қорларының, корпорациялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен реттеуші органдардың өкілдері. Сонымен қоса, Ресейдің, ТМД мен алыс шетелдерден келген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері конференцияның қатысушылары болып табылады.