Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЫ ҚБҚ-мен бірлесіп ЕАЭО ғаламдық қаржы жүйесінің талдау орталығын құру жөнінде жұмыс жүргізуде

ЕЭК ЕАЫ ҚБҚ-мен бірлесіп ЕАЭО ғаламдық қаржы жүйесінің талдау орталығын құру жөнінде жұмыс жүргізуде

15.03.2017

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян Еуразиялық ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) Байқаушы кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Бұдан басқа, ұйым мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында ЕАЫ ҚБҚ-ның «Ғаламдық қаржы жүйесінің мониторингі» деп аталатын ғаламдық қаржы жүйесінің талдау орталығын құру және қаржы саласында «Еуразияның қаржы-банк элитасы» деп аталатын халықаралық қоғамдық сыйлықты тағайындау туралы шешім қабылдады.

Бүгінде цифрлық экономиканың жаңа желілік архитектурасын дамыту бірден бір жаңа тренд болып табылады. Ашық деректер саясаты азаматтар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын түбегейлі түрде өзертті, көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы бойынша сенімділіктің жаңа деңгейін қалыптастырды. Елдер арасындағы қаржы нарықтарында, жеткізу каналдарында, g2g, g2b және b2b сервистеріне, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында тұжырымдамалық өзгерістер болып жатыр. Осыған байланысты ұлттық экономикалардың қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды міндет болып табылады.

ЕЭК Қаржы саясаты департаменті Еуразиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банк қоғамдастығымен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Ғаламдық қаржы жүйесі мониторингінің талдау орталығын құру бойынша жұмыс жүргізуде.

ЕАЫ ҚБҚ-ның Ғаламдық қаржы жүйесінің мониторингінің талдау орталығы әлемдік сипаттағы цифрлық қуатты, инновациялық қаржылық сервистерді және жоғары кәсіби зерттеу қоғамдастығын біріктіруге тиіс. Қазір орталықтың құрылымы мен инфрақұрылымы қалыптастырылуда. ЕАЫ ҚБҚ порталын іске қосқаннан кейін  онда:
- банктік кәсіби одақтар мен олардың қатысушыларының (ЕАЭО,  ШЫҰ, БРИКС елдерінде) тізілімін;  
- халықаралық және ұлттық нормативтік анықтамалық ақпараттың тізілімі мен дерекқорын; 
- банктік және банктік емес қаржы қызметі бағыттарының, бағыттар бойынша өнімдер мен сервистердің  тізілімін;
- ҚБҚ-ға қатысушылар жобаларының картотекасын;
- салық, бюджет, фискальды, сақтандыру құралдарының картотекасын, кеден саясатын, шағын және орта кәсіпорындардың міндеттерін шешу, өнеркәсіпті  жаңғырту және экспортты дамыту үшін қаржылық-банктік және биржалық инфрақұрылымдарды;
- банктік кәсіби одақтар мен Қауымдастықтың жұмыс істеп тұрған құрылымдарының өзара іс-қимылын  дамыту бағдарламасының (жол карталарын, жобаларды, іс-шараларды қоса) картотекасын;  
- ұлттық кәсіби стандарттардың номенклатурасы мен мазмұнын, банктік біліктілік тізбелерін, персоналды даярлаудың халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйкестікті бағалау моделін қоса алғанда, тақырыптық және функционалдық тізілімдер ұсынылатын болады.

Жоспарларда – ҚБҚ Талдау орталығының өнімдері мен сервистерінің желісін, соның ішінде қоғамдастыққа қатысушылар үшін ақпараттық талдау сервистерін әзірлеу, стратегиялық және талдау саласындағы міндеттерді  ұжымдық түрде шешетін функционалы бар жағдаяттық-талдау моделін құру, зерттеулер жүргізу мен модельдеу, қаржылық, банктік және биржалық талдау жасаушылар үшін тұрақты жұмыс істейтін білім беру семинарларын ұйымдастыру бар.

Қаржы саласындағы «Еуразияның қаржы-банк элитасы»  халықаралық қоғамдық сыйлығы банк, сақтандыру, инвестициялық бизнес, активтерді басқару, лизинг, факторинг, аудиторлық және консальтингтік қызметтер көрсету саласындағы лауреаттардың кәсіби танылуын білдіретін беделді салалық награда болуға тиіс. Сыйлық номинанттары арасында Еуразия елдерінің жалпы ұлттық және салалық  рейтингтерінің  жеңімпаздары мен лидерлері, халықаралық қаржы саласындағы арнайы салалық және салааралық  конкурстар мен сыйлықтардың лауреаттары  болады.

Сыйлық Еуразия елдерінің ұлттық қаржылық жүйесінің және экономикасының өркениетті дамуына, іскер этиканың жоғары стандарттарын қалыптастыру мен қолдауға ықпал ететін болады. Осылайша, сыйлық номинанттары – Еуразия мемлекеттерінің қаржылық-банктік саласының лидерлері – компаниялары мен персондары салада кәсібиліктің, іскерлік этика мен беделдің  жоғары  стандарттарына жол ашатын болады.

ЕАЭО ғаламдық қаржы жүйесінің талдау орталығының жобасын іске асырудан басқа ЕЭК Қаржы саясаты департаменті бірқатар бағыттар бойынша ЕАЫ ҚБҚ-мен ынтымақтасады. Әріптестер ЕАЭО қаржы, валюта, салық және бюджет салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша,  ортақ биржалық нарық құру, саудаға қатысушылардың географиясын кеңейту бойынша ұсынымдар әзірлеу жөнінде  бірлесіп жұмыс жүргізуде. Одақ елдерінің қаржы нарықтарын дамытудың  тиімді стратегиясын  қалыптастыру үшін дөңгелек үстелдер өткізіледі, соның ішінде  «Еуразиялық одақ және ЕО: экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мәскеулік халықаралық қаржы-экономикалық форумын жыл сайын  ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.

Анықтама:
Қазақстан Республикасы банктерінің қауымдастығы, Ресейдің өңірлік банктерінің қауымдастығы, Тәжікстанның банктер қауымдастығы, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы,  ШЫҰ Іскерлік клубы, ӨКХК (өнеркәсіпшілер мен кәсіпорындардың халықаралық конгресі) Қаржы корпорациясы, ТМД Қаржы-банк кеңесі Еуразиялық  ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығының құрылтайшылары болып табылады. Қауымдастық 2013 жылғы 11 қыркүйекте тіркелген.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты – банкаралық коммуникацияларды, бизнес-жобаларды таңдап алу және іске асыру барысында банкаралық ынтымақтастықты орнату, Еуразиялық инвестициялық жобалар банкін құру арқылы ұлттық қаржы нарықтарына қатысушылардың -  ШОС, БРИКС, ЕАЭО, ЕО елдеріндегі мүшелердің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

40-тан астам құрылымдар, соның ішінде ТМД, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Орталық және Шығыс Еуропа қаржы-банк қауымдастықтары, Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Словенияның, Румынияның, БАӘ банктері мен коммерциялық құрылымдары  ЕАЫ ҚБҚ -ның  мүшелері мен  әріптестері болып табылады.

Қоғамдастықтың ҚХР-да, Сингапурде және БАЭ-да, Болгарияда, Оңтүстік-Батыс Еуропада, Беларусьта, Қазақстанда, Ресей өңірлерінде өкілдектері бар.