Жүйеге кіру
ЕЭК қытайдың эмальданған шойын ванналарына демпингке қарсы баж енгізіп отыр

ЕЭК қытайдың эмальданған шойын ванналарына демпингке қарсы баж енгізіп отыр

12.04.2013

2013 жылдың 12 сәуірі күні – ЕЭК Алқасы Қытай Халық Республикасында шығарылатын эмальданған шойын ванналарға қатысты кедендік құнының 51,87 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы бажды 5 жылдық мерзімге енгізу туралы шешім қабылдады.

Демпингке қарсы баждың алдын ала әрекет ету мерзімі демпингке қарсы әрекет ету мерзіміне қосылады. Осыған орай, ұсынылып отырған демпингке қарсы шараның әрекет ету мерзімі 2013 жылдың 26 қаңтарынан бастап саналатын болады.

«Тергеу барысында алынған мәліметтерге жасалған талдау қорытынды жасауға яғни, Кеден одағының экономика саласына мұндай демпингтік импорттан келетін залалға демпингке қарсы шаралар қолдануға мүмкіндік береді», - деп түсініктеме берді Владимир Ильичев, ЕЭК Ішкі нарықты қорғау Департаментінің директоры.

Тергеу көрсеткендей, 2011 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде ҚХР шығарылатын және Кеден одағына әкелінген эмальданған шойын ванналарды жеткізу кезіндегі демпингтік маржа 51,87 пайызды құраған.

2009 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде эмальданған шойын ванналар ҚХР-нан КО-на импортталуы 48,4 пайызға жоғарылаған, сөйтсе де қытайлық жеткізілулерде бұл тауардың импортындағы жалпы орташа үлесі 82 пайыз.

2011 жылы эмальданған шойын ванналарды тұтыну көлемдері 2009 жылдағы деңгейде сақталғанда, КО кәсіпорындарының өндіру көлемдері мен өткізу көлемдері сәйкесінше, 16,8 пайызға және 26 пайызға қысқарған ал тауар қорлары 1,5 есеге көбейген. Бұл ретте КО саласындағы кәсіпорындар жасап шығарған тауарлардың үлесі, демпингтік бағалармен ҚХР-нан импорттың өсуіне қарай ішкі нарықта 15,2 пайыздық межеге құлдырап кеткен.

Бұл Шешім 2013 жылдың 26 мамырынан бастап күшіне енеді.