Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Тимур Сүлейменов ДЗМҰ Бас директоры Фрэнсис Гарримен келіссөздер жүргізді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Тимур Сүлейменов ДЗМҰ Бас директоры Фрэнсис Гарримен келіссөздер жүргізді

15.04.2013

12 сәуір күні Женева қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов пен ДЗМҰ Бас директоры Фрэнсис Гарринің кездесуі болып өтті. Кездесуде Тараптар XXI ғасыр экономикасының инновациялық және экономикалық дамуы үшін зияткерлік меншіктің қорғалуын бірінші кезектегі міндет деп танып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен оны сақтау мәселелері бойынша ынтымақтасудың келешегін талқылады.

Тараптар ЕЭК пен ДЗМҰ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады, онда Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) ұлттықтан жоғары реттеуші органы ретіндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретін негізге ала отырып, өзара ықпалдастықтың нақты түрлері бекітілмек.

Меморандумға қол қойған соң, Тимур Сүлейменовтың пікірінше, ЕЭК зияткерлік меншік саласындағы саясаты дүниежүзілік жүйенің ережелеріне барынша бет бұрады. «КО мен БЭК мүше мемлекеттер үшін ДЗМҰ беделі, ұйымның Еуропалық одақпен өзара ықпалдастықта болу тәжірибелері, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен оны сақтауда біздің аймақтық саясат қалыптасуында сындарлы рухын нығайтуға мүмкіншілік береді деген сенімдеміз», - деп атап өтті ЕЭК Министрі.

Анықтамалық ақпарат.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады, зияткерлік меншікті (патенттер, авторлық құқық, тауар белгілері және т.б.) пайдалану мәселелерімен айналысады. ДЗМҰ зияткерлік меншіктің (ЗМ) халықаралық тиімді жүйесінің көмегімен барлық елдерді экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыту мақсатында инновациялар мен шығармашылыққа қолдау көрсетіп отырады.

Ұйым мыналардың көмегімен ЗМ халықаралық жүйесін дамытуға және оны пайдалануға қолдау жасайды:

қызметтердің көмегімен – ДЗМҰ патенттердің, тауар белгілерінің, өнеркәсіптік үлгілердің және тауар шыққан мекеннің атауларының сақталуын, сондай-ақ ЗМ саласындағы дауларды реттелуін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету процесін жеңілдететін жүйелерді басқарады;

құқықтың көмегімен – ДЗМҰ қоғамда болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, халықаралық құқықтық базаны әзірлеуде көмек береді;

инфрақұрылымның көмегімен – ДЗМҰ тегін деректер базасы мен ақпарат алмасу үшін құралдарды қоса алғанда, ЗМ саласындағы білімдерді таратып, операцияларды жеңілдету үшін бірлескен желілер мен техникалық платформалар құрады;

дамудың көмегімен – ДЗМҰ экономиканы дамытуда қолдау ретінде ЗМ пайдалану бойынша әлеуетті нығайтады.

Ұйым сонымен қатар, ЗМ бүкіл әлемде түсіністікті жақсартып, оған деген құрметті қамтамасыз ету мақсатында ДЗМҰ мүше елдерімен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасап отырады. ДЗМҰ экономикалық талдау жасайды және статистикалық мәліметтерді дайындайды, сондай-ақ ЗМ негізделген жаһандық міндеттерді шешудің амалдарын ұсынады.