Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық интеграция туралы онлайн-курсты іске қосады

ЕЭК Еуразиялық интеграция туралы онлайн-курсты іске қосады

15.05.2020

Оған Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі және Комиссияның қызметі туралы 32 лекция кіреді. Курс осы жазда басталады.

«ЕАЭО: бұл не және қалай жұмыс істейді?» курсына қазірдің өзінде жазылуға болады.

«Біз курсты Одақ мемлекетінің кәсіпкерлері мен студенттерінен бастап, зейнеткерлері мен жас аналарына дейінгі  кез келген азаматы үшін қызықты әрі түсінікті жасауға тырыстық: Біз адамдардың өз елдерінің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы мүмкіндік беретін өз құқықтары мен мүмкіндіктерін білгенін қалаймыз»,- дейді ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович.

Еуразиялық экономикалық комиссияның 30 сарапшысы курстың авторлары болды. Тыңдаушылар алдында ЕЭК Алқасының Төрағасы және ЕЭК Алқасының министрлері, департаменттердің директорлары мен директорларының орынбасарлары, бөлім бастықтары мен қызметкерлері сөз сөйлейді.

«Авторлар құрамы бірегей болып шықты. Әр лектор - өз саласының кәсіпқойы. Тыңдаушыларға лекцияларды тыңдағаннан кейін ұялмай авторларға сұрақ қойыңыздар деген ұсыным жасамақпын»,- деп толықтырды сөзін   Михаил Мясникович.

Еуразиялық экономикалық одақ – аясында Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің әрбір азаматы өмір сүріп жатқан бүгінгі күннің шындығы. Одан еш жаққа кетудің қажеті жоқ, алайда ЕЭК күнкөріс үшін қажетті ақпаратпен кез келген тілек білдірушіні қамтамасыз етуге дайын.

Одақ органдары дегеніміз не, олар қалай жұмыс істейді және қандай шешімдер қабылдайды?

Кеден одағының талаптарына орай бизнеске қалай жұмыс істеуге болады? Және өзінің өмір сүру жағдайларын қалай жақсарта алады?

Тіпті COVID-19 жағдайының өзінде қайда және не экспорттауға болады?

ЕАЭО қарапайым адамдардың өміріне қалай әсер етеді?

Қауіпсіз емес өнім мен контрафактіден қалай қорғайды?

Одақ елінің әрбір азаматының қандай әлеуметтік кепілдіктері бар? Зейнетақыны (болашақта) қалай алады?

Осы және басқа да сұрақтарға ЕЭК-тің «ЕАЭО: бұл не және қалай жұмыс істейді?» онлайн-курсы жауап береді.​