Жүйеге кіру
ЕЭК қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ жанынан байқаушы мәртебесін алды

ЕЭК қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ жанынан байқаушы мәртебесін алды

13.06.2016

9 және 10 маусымда Астанада (Қазақстан Республикасы) қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) жалпы отырысы өтті,  онда Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАТ байқаушы мәртебесін алды.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Алқасының мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов атап өткендей, «ЕАТ-та байқаушы мәртебесі ақша қаражатын жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласында, ЕАЭО мемлекеттерінен капиталдарды әкетудің «күмәнді схемаларын» анықтау мен жолын кесуге жемісті ынтымақтстыққа негіз қалауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл мәртебе капиталдарды заңсыз әкетуді болдырмауға бағытталған шаралар бойынша ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететін болады».

ЕАТ жалпы отырысында сөз сөйлей отырып, Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің интеграциялық өзара іс-қимыл басымдықтарының бірі ортақ қаржы нарығын қалыптастыру болып табылады деп атап өтті. ЕЭК өкілі Одақ мемлекеттерінің заңнамасын үндестіруге және реттеушілер арасындағы әкімшілік ынтымақтастыққа бағытталған келісім жобалары туралы әңгімелеп берді.

ЕЭК Министрі Комиссия әзірлеп жатқан қылмыстық жолмен алынған қолма-қол ақша қаражатын Одақ шекарасы арқылы алып өтудің жолын кесу мәселелерін регламенттейтін келісімдер туралы да хабарлады.

Тимур Сүлейменовтің пікірі бойынша, осыған байланысты ЕАТ тәжірибесін қаралып отырған салаларда Одақтың нормативтік құжаттарын әзірлеген кезде пайдалануға болады.

Анықтама

ЕАТ 9 мемлекетті біріктіреді (соның ішінде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей). Байқаушы мәртебесі 15 елге (соның ішінде Арменияға) және 18 халықаралық ұйымға берілді.

ЕАТ қызметі өңір мемлекеттеріне Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) стандарттарына сәйкес келетін ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың тиісті құқықтық және институционалдық негіздерін құруда көмек көрсетуге, топқа қатысушы елдердің ұлттық экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қаржы жүйелерінің ашықтығын арттруға, олардың көлеңкелі құрамдас үлестерін азайтуға бағытталған.