Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісім жобасын мақұлдады

ЕЭК Алқасы Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісім жобасын мақұлдады

15.06.2016

14 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісім жобасы мақұлданды.

Құжат оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізу үшін Одақ елдеріне жолданатын болады.

Келісім жобасына сәйкес Армения Республикасы Бақылау палатасының, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қырғыз Республикасының Есеп палатасы мен Ресей Федерациясы Есеп палатасының (қаржылық бақылаудың жоғарғы органдары) жыл сайын өткізетін бірлескен бақылау іс-шараларының мақсаты елдердің бюджеттері арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомасының мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бірыңғай шотына есептелуін, мүше мемлекеттердің бюджеттеріне олардың толық және уақытылы аударылуын, баждарды бөлудің белгіленген нормативтердің сақталуын тексеру және бақылау болып табылады.

Келісім жобасы бірлескен бақылау іс-шараларының объектілерін, оларды өткізу және нәтижелерін ресімдеу тәртібін, анықталған бұзушылықтарды жою және жоғары қаржылық бақылау органдары ұсыныстарын іске асыру тетіктерін айқындайды.

Әкелу баждарын бөлуден түсетін сомаларды аудару бойынша міндеттемелерді орындамаған, толық орындамаған және (немесе) уақытылы орындамаған кезде Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамаға сәйкес (ЕАЭО туралы шартқа 5-қосымша) мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар төленеді, сондай-ақ аумағында осындай бұзушылықтар анықталған мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген жауапкершілік (тәртіптік, әкімшілік) шаралары қолданылады.