Жүйеге кіру
ЕЭК делегациясы «Ресейдегі бәсекелестік күні» халықаралық іс-шараға қатысты

ЕЭК делегациясы «Ресейдегі бәсекелестік күні» халықаралық іс-шараға қатысты

12.09.2014

8 - 10 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте «Ресейдегі бәсекелестік күні» жыл сайынғы халықаралық іс-шара шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов «Автоөндірушілер тәртібінің кодексі: автонарықтағы әділетті ойын ережелерін құру» атты дөңгелек үстелде жаңа автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді трансшекаралық нарықтарда көтерме өткізудің әділетсіз сауда тәжірибелері туралы ескертті.

«Ресейдегі бәсекелестік күні» іс-шарасына Ресейдің ФАС басшысы Игорь Артемьев, Австрия, Болгария, Египет, Үндістан, Қытай, Македония, Сербия, Түркия, Чехия, ТМД қатысушы-мемлекеттердің шетелдің бәсекелес ведомстволардың басшылары, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдар мен ықпалдасқан бірлестіктердің басшылары қатысты.

Іс-шара шеңберінде, автоөндірушілер мен автодистрибьютерлер мінез-құлық кодексін Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ЕБҚ) Ресейдің ФАС-мен бірігіп автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді сатқан кезде автоөндірушілер мен дистрибьютерлердің дилерлермен және тәуелсіз сервистік станцияларымен қарым-қатынастарындағы кемсітушілікті болдырмау мақсатында әзірлегені атап өтілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар БРИКС елдерінде, Кеден одағына (КО), Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) және ТМД мүше-елдерде үздік тәжірибелерді енгізу бойынша Ресейдің ФАС тәжірибесін имплементациялау мүмкіндігін талқылады.

8 қыркүйек күні «Бәсекелестік саясат қазіргі заманғы кезеңде» атты тақырыпта Ресейдің бәсекелестік күнінің Толық отырысы болып өтті, онда Нұрлан Алдабергенов осы бағытта ЕЭК жүргізетін жұмыс туралы әңгімеледі. ЕЭК Министрі өзінің баяндамасында қатысушыларды Бәсекелестік туралы модельдік заң нормаларының негізгі ережелерімен таныстырды, бәсекелестікті адвокаттандыру бойынша одан арғы жұмыс туралы әңгімеледі, сонымен қатар КО елдерінің трансшекаралық нарықтарындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды. ЕЭК өкілі жаңа жеңіл автокөліктері мен қосалқы бөлшектерін трансшекаралық нарықтары көтерме бағамен өткізуге аса толық тоқталды.

Сонымен, ЕЭК Министрінің айтуы бойынша, жеңіл автокөліктерімен өзара сауда 2010 жылы БЭК-ке енгеннен кейін 29%-ға артты. Жаңа жеңіл автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді көтерме сату нарығында, Нұрлан Алдабергенов атап өткендей, туындауы мүмкін бұзушылықтар мыналар болуы мүмкін: автокөлік пен түпнұсқа қосалқы бөлшектерді соңғы сатушыға қайта сату бағасын белгілеу; автокөлік брендтерінің ресми өкілдерінің тәуелсіз автосервистерге түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізуден және техникалық ақпаратты ұсынудан бас тарту; нарыққа қатысушылар арасындағы тауар нарығының бөлімі туралы бәсекелестікке қарсы келісімдері (картель).

Сондай-ақ, Нұрлан Алдабергенов КО мен БЭК аумақтарындағы құқықтарды Еуропалық одақ елдерінде жоққа шығару қағидаты қалай әрекет ететінін әңгімеледі. Мысалға, ЕО-та түпнұсқа қосалқы бөлшектер ресми дилерлерге және тәуелсіз автосервистер мен жеткізушілерге жеткізіледі, ал КО елдерінде осы тауар санаттары ресми дистрибьюторлық және дилерлік желі арқылы таратылады.

Бұдан басқа, ЕЭК делегациясы Нұрлан Алдабергеновтің басшылығымен Монополияға қарсы саясат бойынша мемлекетаралық кеңес (МҚСМК) отырысына, Ресейдің ФАС Алқасының кеңейтілген отырысына, Монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын бірлесіп тергеу бойынша штабтың және Фармацевтикалық сектордағы бәсекелестік проблемаларын зерттеу және роуминг бойынша халықаралық жұмыс тобының отырыстарына қатысты.