Жүйеге кіру
ЕЭК пен Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕАТ арасындағы меморандум жобасы мақұлданды

ЕЭК пен Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕАТ арасындағы меморандум жобасы мақұлданды

15.09.2020

ЕЭК Алқасы 15 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия мен Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) арасындағы меморандум жобасын мақұлдады. Құжат ЕЭК пен ЕАТ ынтымақтастығының шеңберлері мен форматын, оның қатысушыларының әлеуетті және жинақталған тәжірибені іске қосу жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

«Біз ЕАТ-пен 2016 жылдан бері ынтымақтастық жасап келеміз. Алайда әлемдік экономикадағы ағымдық үрдістер, жаңа технологиялардың дамуына байланысты пайда болған сын-тегеуріндер мен қатерлер, Одаққа мүше мемлекеттердің қаржы жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі, сондай-ақ интеграциялық процестердің дамуы біздің ұйымдарымыздың арасындағы өзара іс-қимылдың осы уақытқа дейін қолданылып келген форматын жеткіліксіз етуде», - деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов. 

ЕЭК пен ЕАТ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайындағы уағдаластыққа 2020 жылғы шілдеде ЕЭК Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов пен Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың төрағасы, Федералдық қаржы мониторингі қызметінің директоры Юрий Чиханчин арасындағы талқылау қорытындылары бойынша қол жетті.

Анықтама 

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) – өңірлік топ, оның қызметі өңір мемлекеттеріне кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың тиісті құқықтық және институционалдық негіздерін құруға жәрдем көрсетуге бағытталған. ЕАТ мүше мемлекеттердің осы саладағы ұлттық жүйелерін өзара бағалауды жүргізеді, ақшаны жылыстатудың және терроризмді қаржыландырудың типологиясын зерттейді, мүше мемлекеттерге техникалық жәрдемдесу бағдарламасын іске асырады. ЕАТ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейді қоса, тоғыз мемлекет кіреді. Армения ЕАТ қызметіне байқаушы мәртебесінде қатысады.​