Жүйеге кіру
Еуразиялық сарапшылар ЕАЭО туралы: даму мен өсу үшін Одақта мол әлеует бар

Еуразиялық сарапшылар ЕАЭО туралы: даму мен өсу үшін Одақта мол әлеует бар

15.10.2019

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қажеттігі, Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) стратегиялық ұзақ мерзімдік жоспарлау жүйесін дамыту, барлық елдер үшін бірыңғай стратегия құру, келісілген саясат жүргізу, ортақ гуманитарлық кеңістікті қалыптастыру, туризм, ғылым, білім беру, спорт, мәдениет сияқты салаларды қосу есебінен Еуразиялық күн тәртібін кеңейту – бұл Одақтың тиімді жұмыс істеуінің таяу болашақтағы міндеттері. ЕАЭО елдері сарапшылық қоғамдастығының өкілдері осындай тұжырымға келді.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян ЕАЭО мемлекеттері сарапшыларының қатысуымен Ғылыми-сарапшылық кеңес (ҒСК) өткізді.

ЕЭК Алқасының Төрағасы жанындағы Кеңес – ашық пікірсайыстың, Еуразиялық интеграцияның түбірлі мәселелері бойынша өзара хабардар етудің және кері байланыстың алаңы.

 
ҒСК талдауының тақырыбы ЕАЭО жұмыс істеген бес жылдың қорытындысын шығару болды. Одақ елдері лидерлерінің ЕАЭО құру туралы шешімі өмірді жаңадан көркейтуге мүмкіндік берді. Бұл бес жылдағы негізгі жетістік – өзара іс-қимылдың жаңа мәдениетінің қалыптасуы. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ұлттық егемендікті іске асырудың бірегей механизмі құрылды, бұл үшін бұдан қуатты құралды ойлап табу мүмкін емес – сарапшылық қоғамдастық осындай тұжырымға келді.

 

Ғылыми-сарапшылық кеңеске қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ жеткен табыстарды атап өтті, сондай-ақ ЕАЭО-дағы қазіргі бар түбірлі проблемалардың бетін ашты, жаһандық үрдістердің интеграциялық бірлестіктің дамуына ықпалын талдады, бұл проблемаларды шешудің тәсілдерін ұсынды.


Одақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында айырмашылық кездеседі, бірақ мұның объективті сипаты бар. Заңнаманы үндестіру – проблеманың іргелі шешімі.Қатысушылар ұсыныстарының арасында осы процестің қалай жүріп жатқанына бақылау жасау функциясын ЕЭК-ке бекітіп беру де бар. Бұдан басқа, Ресей Ғылым академиясымен ынтымақтастық шеіңберінде жоспарлау және болжау құралын әзірлеу ұсынылды.

 

Сарапшылардың пікірінше, ЕАЭО жетістіктері арасынан бірыңғай кедендік аумақтың қалыптасқанын, тауарлардың, қызметтер көрсетудің және жұмыс күшінің бірыңғай нарығы бар болуын бөліп айтуға болады. Одақта бірыңғай ойын ережесі, соның ішінде техникалық реттеу саласында белгіленген, бірыңғай кедендік тариф, қорғау шаралары жұмыс істейді, ЕАЭО нормаларының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкестігі туралы маңызды шешім қабылданған, реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) институты енгізілген.


ЕАЭО халықаралық құқық субъектісі ретінде танылған, ал интеграцияның тереңдігі бойынша, жас интеграциялық бірлестік болып табылатынына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ 50 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Еуропалық одақтан кейінгі екінші орында.

 

Одақ үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық қатынастарын ойдағыдай дамытып келеді.Сауда келіссөздері механизмі тиімді жұмыс істейді. Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН), Оңтүстік Америка ортақ нарығы (МЕРКОСУР), Тынық мұхит альянсы, Анд қоғамдастығы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) сияқты интеграциялық бірлестіктермен меморандумдар жасасылған. Таяу уақытта Африка одағымен осындай құжатқа қол қойылады. ЕАЭО активінде – Иранмен ЕСА құруға алып келетін Уақытша келісім, биылғы қазанда күшіне енетін Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім, Вьетнаммен және Сингапурмен ЕСА туралы келісім бар, алда -Сербиямен осындай келісімге қол қою тұр.

 

2015 жылы ЕАЭО кеңіді, оған жаңа екі мүше – Армения мен Қырғызстан қосылды, соның есебінен басқару конструкциясы байыды, шешім қабылдау кезінде теңгерімділік көбірек көріне бастады, деп атап өтті сарапшылар.

 

Бүкіл әлем айқынсыздықтың, қолдампаздықтың өсуінің, сауда және валюта соғыстары ахуалында тұр. Сонда да, сарапшылар пікірінше, қалыптасқан жағдайда ЕАЭО-ның байланысты жолға қоюға бірегей мүмкіндігі бар. Бұл жаңа нарықтар мен экономикалық өсуге мұқтаж Одақ елдері үшін бір мүмкіншілік.

 

Сарапшылар ЕАЭО-ның әріптестер желісін алдағы уақытта да, соның ішінде АСЕАН мүшелері есебінен және ұйымның өз ішінде кеңейтуді, сондай-ақ ЕАЭО-ның құқықтық субъектілігін Дүниежүзілік сауда ұйымында (ДСҰ) және басқа халықаралық ұйымдарда бекітуді, осы құрылымдар алаңында, халықаралық форумдарда өз позицияларын үйлестіруді, бір ғана коалицияда қатысуды, мүмкіндігіне қарай қадамдас дауыс беруді ұсынды. Мұның бәрі Одақтың құқықтық субъектілігін нығайтатын болады.

 
2016 жылы Одақта «цифрға» деген жаңа фокус пайда болды. ЕАЭО экономикаларды жаңа технологиялық салтқа және цифрлық трансформацияға көшіру туралы мәлімдеді. Одаққа бірлескен цифрлық жобалар, барлық интеграциялық бірлестікке арналған бірыңғай қағидалар мен стандарттар қажет.

 

Пікірсайысқа қатысушылар ЕАЭО мемлекеттерінің шоғырлануы жетісе бермейтініне, Одақ елдері бірлесіп іске асыратын интеграциялық жобалар жоқ екеніне назар аударды. Осыған байланысты Одақ елдері күш біріктіруі, ғылым мен технологияға айрықша назар аударуы қажет.

 

Олардың пікірінше, ірі инфрақұрылымдық жобаларды ЕАЭО-ның дербес институты жүзеге асыруға тиіс. Ал интеграциялық жобаларды іске асыру үшін Одаққа меншікті кіріс көзі қажет.

 

Пікірсайысқа қатысушылар сондай-ақ ЕЭК-ке іскер қоғамдастықпен өзара іс-қимылды қарқынды етуді, ынтымақтастық форматтарының спектрін кеңейтуді, жобалармен, соның ішінде шағын және орта бизнеске арналған жобалармен жұмысты ойластыруды ұсынды.

 

Ұлттық заңнама айырмашылығы проблемасы бар. Реттеуді жақындату, ұлттық деңгейдегі ұлтүсті реттеу имплементациясы практикасы проблеманы шеше алады. Шешімдер қабылдау механизмін қайта қарау және Комиссия неғұрлым тиімді әрекет етуі үшін ЕЭК-ке көбірек құзырет беру қажет. Ал жеткіліксіз интеграция проблемасын уағдаластықтарды іске асыру көмегімен жоюға болады. Бұл ретте ЕАЭО туралы шарттың барлық тармағы орындалуға тиіс. Бұған Одақ ішінде тәртіпті арттыру жөніндегі шаралар, Комиссияға ұлтүсті шешімдердің, нормалар мен қағидалардың орындалуына бақылау жасау функциясын беру ықпал ететін болады. Шешімдердің имплементациясы және елдеріміз әлемдік қоғамдастыққа, әсіресе «цифр» бойынша ұсына алатын бастамаларды ілгерілету болуға тиіс.


Пікірсайысқа қатысушылар пікірінше, мемлекеттік басқару жүйесін біріздендіру, елдер парламенттерінің бейінді төрағаларымен тиімді өзара іс-қимыл құру қажет.

 
Қызметтер көрсету және онлайн-жеткізілімдер саласы жеткіліксіз пысықталған, стандарттау, сертификаттау, монополияға қарсы заңнама, мамандарды тану жүйесі бойынша жекелеген мәселелер бар, ортақ нарыққа тез бұзылатын өнімді – көкөністер мен жемістерді жеткізуде тарифтік емес тосқауылдар болып отыр. Алып қоюларсыз және шектеулерсіз нарық құру үшін ветеринариялық сертификаттарды автоматты түрде тануды имплементтеу қажет.

 

Назар аударылуға тиіс мәселелер арасында – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде теміржол көлігі әлеуетін пайдалану, бірыңғай транзит жүйесін құру қажеттігі, кедендік электрондық жүйелердің интеграциясын тездету бар.

 

Еуразиялық күн тәртібі туризм, ғылым, білім беру, спорт, мәдениет сияқты салаларды қосу есебінен кеңейе түсуге тиіс. ЕАЭО болашағы – ортақ гуманитарлық кеңістікте, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бағдарламалардың өсуінде, бірлескен зерттеулер жүргізуде.

 

Сондай-ақ ЕАЭО-да стратегиялық ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін дамыту, барлық елдер үшін бірыңғай стратегия құру, үндестіруді жүргізу, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне, жаһандық жылыну проблемасына, төмен сутекті экономиканы дамытуға назар аудару қажет.

 

Дамытылуы қажет басқа тақырыптар атом энергетикасының, жаңғыртылған энергия көздерінің, көлік дәліздерін құрудың, су ресурстарын пайдаланудың, экологияның мәселелері болуға тиіс.