Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері қатысушы елдердің бизнесіне ЕАЭО-да не бөгет жасайтынын анықтады

ЕЭК өкілдері қатысушы елдердің бизнесіне ЕАЭО-да не бөгет жасайтынын анықтады

15.10.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің бизнесімен тікелей байланысуды орнату және оның қатысушылары арасындағы еркін сауда жолындағы кедергілерді анықтау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) монополияға қарсы блогының сарапшылары соңғы үш ай ішінде қоғамдық қабылдаудың 18 көшпелі отырысын өткізді. Іс-шаралар Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің қалаларында өтті.

 

«Көшпелі қоғамдық қабылдаудың негізгі міндеті – өңірлердегі ахуалды зерделеу, бизнестің Комиссия қызметі туралы не білетінін анықтау, өңірлік кәсіпкер-экспорттаушылармен байланысуды жолға қою, ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың құралдары мен мүмкіндіктері туралы әңгімелеу»,- деп атап өтті ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин.

Бизнеспен тікелей диалог форматы қажетті және сұранысты болып шықты – 18 отырысқа жалпы саны 800-ден асатын компания өкілдері қатысты.

 

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бизнесімен кездесулердің қорытындысы бойынша Одақтың трансшекаралық нарықтарындағы тауарлар мен қызметтер көрсетудің еркін қозғалысына бөгет жасайтын жүйелі проблемалар мен тосқауылдар анықталды.

 

Мысалы, Қазақстан кәсіпкерлерінің сөзінше, олар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарығына шығар кезде құжаттарды жинау мен өңдеудің ұзақ әрі қиындық келтіретін процесіне тар болып жүр, ал трансшекаралық нарықтарда жұмыс істеп жүргендер бақылау бекеттерінен өтудің қиындығын бастан кешіруде. Кәсіпкерлердің сөзінше, жүктерді кідірту 30 сағатқа дейін жетеді және бұл тез бұзылатын өнім тасымалына теріс әсер етеді.


Сондай-ақ кәсіпкерлердің сұрағы Ресейде жұмыс істейтін «Меркурий» жүйесіне қатысты болды. Бизнесшілердің пікірінше, жүйе нарыққа қатысушыларды тең емес жағдайда қалдырады, оның мәні мынада - оларға пайдаланылған шикізаттың бәрі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген деп дәлелдеуге тура келіп жүр.

 

Беларусь бизнесі мемлекеттік сатып алу кезінде Ресей Федерациясының заңнамасына өзгерістер енгізу кезінде жасалған жасанды тосқауылдар туралы айтты.


Ресейлік кәсіпкерлер де, Қазақстанның іскер қоғамдастығы сияқты логистиканың және тексеру пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезінде тез бұзылатын тамақ өнімдерінің кідіртілу проблемаларын көтерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік сатып алуға қатысудың күрделілігін атап өтті.

Ресейлік өндірушілер сондай-ақ оларға корпорациялардың пайдасыз шарттық талаптарды таңатынына шағым айтты. Смоленскіде, мәселен, жергілікті кәсіпкердің сөзінше, ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердің өндірушілері тарапынан жосықсыз бәсекелестік жағдайлары орын алып отыр.

 

Комиссия өкілдері бизнесшілерді отырыстар барысында айтылған барлық мәселелер олардың негізділігі мен ЕАЭО шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысынан нысаналы зерделенеді деп сендірді.

 

Жыл аяғына дейін Қырғызстанның және Арменияның кәсіпкерлерімен көшпелі кездесулер өткізу жоспарланған.