Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алу саласындағы позицияларын жақындатады

ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алу саласындағы позицияларын жақындатады

15.10.2019

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің өкілдері ұлттық режимнен қайталап алып қоюды белгілеу механизмін талқылау кезінде хабарламаны және оған қарсылықты қараудың жалпы мерзімдерін келісті. Осы және басқа бірқатар мәселелер ЕЭК штаб-пәтерінде Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен өткен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы отырысында қаралды.

Биылғы тамызда ЕЭК Кеңесі Комиссия Алқасына Одақ елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп ұлттық режимнен қайталап алып қоюды белгілеу механизмінің нұсқасын пысықтауды тапсырды, оның негізінде бір немесе бірнеше мүше мемлекеттің қарсылығы бар болған жағдайда қайталап алып қоюды белгілеудің мүмкін еместігі туралы Алқаның консенсуспен шешім қабылдауы жатуға тиіс. Осы бағыт бойынша ЕЭК пен «бестік» елдерінің сарапшылары ЕАЭО туралы шартқа және 2015 жылғы қарашада ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекітілген ЕАЭО мемлекеттерінің сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы акт қабылдау хабарламаларын Комиссияның қарау тәртібіне өзгерістер жобасын дайындады.

 

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ қайталап алып қоюларды қоса, алып қоюдың қолданылуының жалпы мерзімінің ұзақтығына қатысты консенсусқа келді.

 

Бұл ретте тараптардың кейбір келіспеушіліктері сақталып отыр, олар бойынша өзара қолайлы шешімді сарапшы топтар іздейтін болады.

 

Талқыланған маңызды тақырыптардың бірі банк кепілдіктерін өзара тану перспективасына байланысты. ЕЭК Кеңесі Комиссияға мүше мемлекеттермен бірлесіп 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік сатуды жүзеге асырған кезде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісім жобасын әзірлеуді тапсырғанын айта өткен жөн.

 

Осы шешіммен Ресей Үкіметіне Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) мен Мемлекетаралық банк берген банк кепілдіктерін халықаралық келісім күшіне енгенге дейін мемлекеттік сатып алу мақсатында тану мүмкіндігі үшін Ресей заңнамасына өзгерістер енгізу туралы бастама ұсынылды. Бұл ретте аталған қаржы институттарына Ресей рейтинг агенттіктері беретін кредиттік рейтинг алу қажет.

 

Жұмыс тобының отырысында ЕАДБ өкілдері банктің Ресей рейтинг агенттігінде тиісті кредиттік рейтинг алғаны туралы, ал Мемлекетаралық банк өкілдері осындай агенттіктермен келіссөздердің басталғаны туралы хабардар етті. Бұл ретте Ресей тарапы өкілдері елдің заңнамасына өзгеріс енгізуге қатысты РФ позициясы әлі түпкілікті қалыптасып болмағанын хабарлады.