Жүйеге кіру
ЕАЭО Моңғолиямен және Индонезиямен еркін сауда туралы келісім жасасудың перспективаларын бірлесіп зерттеуді бастайды

ЕАЭО Моңғолиямен және Индонезиямен еркін сауда туралы келісім жасасудың перспективаларын бірлесіп зерттеуді бастайды

15.09.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Моңғолиямен және Индонезиямен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы мәселесін зерттеу жөніндегі бірлескен зерттеу топтарын (БЗТ) құру туралы шешім қабылдады. Сарапшылардың пікірінше, бұл мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастардың іске асырылмаған елеулі әлеуеті бар.

«Комиссия Кеңесі 2019 жылғы қыркүйекте еркін сауда туралы келісім бойынша ЕАЭО-ның жаңа әлеуетті әріптестерін айқындау міндетін алға қойды. Оны іске асыру шеңберінде ЕЭК сарапшылары мен ЕАЭО елдері еркін сауда режімін қалыптастырудың перспективтивалығын зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда бірқатар сауда әріптестерімен алдын ала үлкен жұмыстар жүргізді. Бүгінгі таңда біз Улан-Баторлық және Джакарталық әріптестерімізбен осындай өзара мүдделіліктің бар екенін айқындап қана қоймай, сонымен қатар, БЗТ форматының өзінде біздің елдеріміздің сарапшылары нысаналы зерделеуге тиіс мәселелер тобын да келістік», - деп мәлімдеді ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

Мәселен, салыстырмалы түрде Моңғолия экономикасының мөлшері ауқымды еместігіне қарамастан, бұл елді ЕАЭО-мен тарихи қалыптасқан байланыстар жалғайды. Одақтың географиялық көршісі бола отырып, Моңғолия оған мүше мемлекеттермен бірқатар ірі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруда. Қазір, атап айтқанда, Улан-Батор теміржолын дамыту, Моңғолияға жүк вагондарын жеткізу, азаматтық авиажасау, электр энергетикасы, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік басқаруды автоматтандыру, автожолдар құрылысы салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі жобалар талқылануда. Ынтымақтастықтың басқа бағыттары арасынан өнеркәсіптік кооперация, әскери-техникалық ынтымақтастық, атом энергетикасы және мұнай өнімдерін жеткізудегі өзара іс-қимыл қаралуда. Өткен жылы Ресей-Моңғол инвестициялық ынтымақтастық қорын құру туралы келісім жасасылды. Қазақстан мен Моңғолия да жиынтық капиталдануы $100 млн болатын тікелей инвестициялар қорын құруда.

Еркін сауда туралы келісім жасасыла қалған жағдайда ЕАЭО мен Моңғолия арасында құрылуы мүмкін қолайлы сауда режімі, сөйтіп, өңірлік құрауыштарды қоса, ынтымақтастықты одан әрі өсіре түсудің жолын аша отырып, техникалық реттеу, кедендік рәсімдер және басқа салалардағы тосқауылдарды жоюға көмектеседі. ЕЭК бағалауларына сай, жиынтық өзара сауда $250 млн өсуі мүмкін. ЕАЭО елдерінен Моңғолияға өнеркәсіп өнімінің жеткізілімін арттыру мүмкіндігі осы мемлекеттен экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың өсуімен ілесе жүреді.

Өз кезегінде, халық саны жағынан әлемде төртінші орын алатын Индонезия АСЕАН мемлекеттері арасында нарық көлемі бойынша аса ірі болып табылады. Бұл мемлекеттің экономикасы аграрлық-индустриялық типке жатады және дамушы елдер арасында неғұрлым перспективалы болып табылады. Бүгінде Ресей мен Индонезия жүк машиналарын жеткізу, энергетика және ғарыш салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі инвестициялық жобаларды талқылауда. Беларусь Республикасы жүк автомобильдері мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізеді, өнеркәсіптік кооперация, денсаулық сақтау және инфрақұрылымдық жобалар саласындағы жұмысты жүзеге асырады.

Тұтастай алғанда ЕАЭО мен Индонезияның әріптестігі үшін өзара мүддені өнеркәсіптің де, сол сияқты ауыл шаруашылығы өнімінің де жеткізілімдері білдіре алады. Еркін сауда туралы келісім жасасу Индонезия мен Еуразиялық «бестік» елдері арасындағы сауданың $1,4 млрд өсуін қамтамасыз етуге қабілетті. 

«Тарифтік және тарифтік емес салаларда, сауда рәсімдерін оңайлату бөлігінде кедергілерді жоюдың және азайтудың мүмкіндігіне орай біздің елдеріміздің арасындағы сауданы дамыту әлеуетінен бөлек, БЗТ құрамына кіретін сарапшылар тұтастай алғанда біздің елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың ағымдағы жай-күйін ізеуіртті зерделейді және мәселелердің үлкен тобы бойынша өз ұсынымдарын береді. Біз инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйіне баға беру жүргізіледі, өзара мүдделілік білдірілетін жобаларды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ болашақ Үлкен Еуразиялық кеңістік шеңберінде инфрақұрылымды қалыптастыру мен регуляториканы үндестірудің бұдан да кең міндеттері тұрғысында Индонезияның АСЕАН-дағы рөлін ескере отырып, біздің елдеріміздің экономикалық операторлары арасында ынтымақтастықты қалай тереңдетуге болатындығы жөнінде ұсыныстар тұжырымдалады деп күтудеміз», - деді Андрей Слепнев сөзін толықтырып. 

Анықтама

ЕАЭО құқығына сәйкес үшінші елдермен еркін сауда режімін қалыптастыру перспективасын бастапқы талдаудан соң және оның қорытындылары бойынша оң тұжырымдар алынғаннан кейін құрамына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің және ЕЭК-тің сарапшыларынан бөлек, Одақтың осындай келісім бойынша әлеуетті әріптесінің өкілдері де кіретін БЗТ шеңберінде еркін сауда туралы келісім жасасудың перспективасына жан-жақты зерделеу жүргізіледі. Мұндай жұмыс міндетті түрде ЕАЭО-ның тікелей келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдау мүмкіндігі алдында болуға тиіс.
 ​