Жүйеге кіру
ЕАЭО-да 2020 жылға арналған «бірыңғай терезе» механизмін іске асыру жоспары бекітілді

ЕАЭО-да 2020 жылға арналған «бірыңғай терезе» механизмін іске асыру жоспары бекітілді

16.03.2020

ЕЭК Кеңесі сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезе» механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөнінде ізеуірттелген жоспар қабылдады. Бұл құжат Одаққа мүше мемлекеттерде «бірыңғай терезе» механизмін дамыту және ендіру жөніндегі жобаны басқару құралдарының бірі болады.

Жоспар «бірыңғай терезе» ұлттық механизмінің эталондық моделінің ережелерін іске асыру үшін деректер айналымын талдауды және СЭҚ деректері матрицасын қалыптастыруды; бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі тәсілдемелерді жетілдіруді және іске асыруды; цифрлық кеденді қалыптастыру тұжырымдамасын дайындауды; ұлттық «бірыңғай терезелер» және т. б. жұмыс істеуін қамтамасыз етуде іске қосылған жалпы процестерді оңтайландыруды және іске асыруды көздейді.

Жоспарды іске асырудың түпкі мақсаты ұлттық «бірыңғай терезелерді» жақындастыру мен дамытудың ұйымдық-құқықтық және техникалық негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Бірыңғай терезе» механизмін іске асыру халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату және бизнесті дамыту үшін жағдай жасайды.​