Жүйеге кіру
Балалар тағамы үшін ауыз суға арналған стандарттар тізбесі кеңейтілді

Балалар тағамы үшін ауыз суға арналған стандарттар тізбесі кеңейтілді

16.06.2020

Зерттеулер мен өлшеулердің қағидаларын әрі әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Стандарттар тізбесі балалар тағамы үшін ауыз су қауіпсіздігінің жекелеген көрсеткіштерін зерттеу (өлшеу) әдістерімен толықтырылған, олар техникалық регламентке № 3 қосымшадағы талаптарға сай келеді.

Кейбір хлорорганикалық инсектицидтерді, полихлорирленген бифенилдер мен хлорбензолдарды «сұйықтық-сұйықтық» экстракциясынан кейін газды хроматография әдісімен, 2,4-дихлорфеноксиуксус қышқылын – газды хроматография әдісімен айқындау әдістері енгізілген.

ЕЭК Алқасының шешімі өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне толық растама беру мүмкіндігіне жол ашады.​