Жүйеге кіру
«Еуразиялық апта» форумының ұйымдастыру комитеті іс-шара бағдарламасының негізгі тақырыптарын айқындады

«Еуразиялық апта» форумының ұйымдастыру комитеті іс-шара бағдарламасының негізгі тақырыптарын айқындады

Screenshot-13.png
16.07.2019

«Еуразиялық апта - 2019» IV Халықаралық көрме форумының ресми сайтында іскерлік бағдарламасының архитектурасы жарияланды. Форум 2019 жылғы 25-27 қыркүйекте Қырғызстанда, Бішкекте өтеді және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Одақтың әріптес елдерінен билік органдары мен бизнес өкілдерін, даму институттарының, қаржылық реттегіштердің мамандарын, сарапшыларды – 2 000 астам қатысушыны жинайды.
«Форум бағдарламасы өте мазмұнды және билік органдары, бизнес-қоғамдастықтар өкілдері үшін де, сонымен бірге жастар үшін де қызықты. «Еуразиялық аптаға» қатысушылар қызметтің әртүрлі салаларында бірлескен бағдарламалар құрудың өзекті практикалық мәселелерін, ЕАЭО аумағында бірыңғай нарықтарды одан әрі қалыптастыру стратегиясын, сондай-ақ Одақ компаниялары арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуды талқылайды»,- деді Қырғыз Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одақтағы істері жөніндегі арнаулы өкілі Алмаз Сазбаков.
«Биылғы «Еуразиялық аптаны» өткізу нақ осы Қырғыз Республикасына бұйырғаны мен үшін қуанышты, өйткені Қырғызстан үшінші елдердегі осы Форумға да қатысатын әріптестермен байланыстырушы буын бола отырып, ЕАЭО үшін айтарлықтай маңызды рөл атқарып отыр. Қабылдаушы тарап іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге барынша жәрдем көрсететініне, сөйтіп халықаралық аренада Форум мен Одақтың мәртебесі кезекті рет нығая түсетініне сенемін»,- деп толықтырды ол сөзін.
«Еуразиялық апта - 2019» IV Халықаралық көрме форумының іскерлік бағдарламасының іс-шаралары негізгі үш бағыт – стратегиялық, салалық (әріптестік) және жастар бағыты бойынша өтеді. Форум аясындағы түбегейлі іс-шара - «Жаһандық экономикадағы ЕАЭО: сын-қатерлер мен перспективалар» жалпы отырысы болады.
Стратегиялық трек кәсіпкерлердің ұлттық және ұлтүсті деңгейіндегі реттегіштермен тікелей диалогы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл трек шеңберінде ЕАЭО энергетикалық ресурстарының ортақ нарығына, Одақтың жаһандық нарыққа итеграциясына, ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларға, Одақтың логистикалық және кедендік инфрақұрылымына арналған панельдік пікірсайыстар болады.
Салалық тректің мақсаты - ЕАЭО елдерінің және үшінші елдердің бірлескен жұмысқа ықтимал мүдделі кәсіпорындарының өзара іс-қимылын ынталандыру. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің шағын және орташа өндірушілерінің сатып алу сессияларын, ЕАЭО-ның тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы байланысулар биржасын, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар бойынша және IT-технологиялар саласындағы инвестшоуды қамтиды.
Жастар трегі шеңберінде ЕАЭО жас көшбасшыларының мектебі, ЕАЭО жоғары оқу орындарының Еуразиялық тақырыптама бойынша білім беру бағдарламаларының таныстырылымы, Одақтың жоғары оқу орындарының сессия-таныстырылымы, ЕАЭО-ның жас көшбасшылары үшін бизнес-ойын, сондай-ақ олардың ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянмен кездесуі болады.
«Еуразиялық апта» алаңындағы дербес іс-шара - II Қырғыз-Ресей Бизнес-форумы болады. Ол ауыл шаруашылығы және логистика, тоқыма өнеркәсібі, машина жасау, туризм инфрақұрылымы саласында Ресей және Қырғыз компаниялары арасындағы неғұрлым тығыз байланыстарды орнатуға бағытталған.
«Еуразиялық аптаның» болжанып отырған салалық оқиғасының бірі – «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар конкурсының финалы және оның жеңімпаздарын марапаттау.
«Еуразиялық апта» форумына қатысу тегін. Тіркелу - www.eurasianweek.com. ресми сайтында.
Анықтама
«Еуразиялық апта» форумы - ЕАЭО елдері мен ЕЭК өткізетін жыл сайынғы іс-шара. Форумды өткізу бастамасы Одаққа мүше мемлекеттердің бес премьер-министрінің шешімімен 2015 жылғы мамырда бекітілген. Іс-шара іскерлік және көрмелік бөлікті қамтиды, B2B және B2G- байланысуларды орнатуға ықпал етеді.
2018 жылы «Еуразиялық апта» Армения Республикасының астанасы Ереван қаласында болып өтті және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің, Сингапурдың, Европалық одақтың,  Оңтүстік Кореяның, Чилидің, Вьетнамның, Мысырдың, Иранның және басқа да елдердің бизнесін, мемлекеттік құрылымдары мен сарапшылық қоғамдастықтарын білдіретін 3 000-нан астам келушіні біріктірді.