Жүйеге кіру
Нұр-Сұлтанда ЕЭК өкілдерімен экспорттаушы-кәсіпкерлер кездесуі өтті

Нұр-Сұлтанда ЕЭК өкілдерімен экспорттаушы-кәсіпкерлер кездесуі өтті

16 сент,Нур-Султан.jpg
16.09.2019
13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан Республикасы) диалогтық алаң форматында ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жумангариннің басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдерінің Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесуі өтті. Іс-шараға республиканың мемлекеттік орган өкілдері, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысты. 

Бизнестің пікірі бойынша негізгі мәселелер Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері арасындағы өткізу пункттерінде туындайды. Өткізу құжаттарын рәсімдеудің ұзақ процесіне, демалыс күндеріндегі тұрып қалуға байланысты жүктердің жеткізілуі кешіктіріледі. Ал бұл әсіресе тез бұзылатын өнім экспорттаушыларын үлкен қаржылай шығысқа әкеледі. Кәсіпкерлердің ойы бойынша негізгі кедергілердің бірі Одақ елдері арасында ветеринариялық бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жоқтығы болып табылады. Кедергілердің көбі техникалық реттеу, ветеринариялық, санитариялық, фитосанитариялық шаралар саласындағы қосымша ұлттық талаптарға байланысты. ЕЭК министрінің айтуы бойынша, осындай ұлттық талаптар тобы біртіндеп азайып келеді. Жоспарланған 56 ішінен 48 бірыңғай техрегламент қабылданды. 

Серік Жумангарин бизнесті белсенді диалогқа шақырды: «Бізге кері байланыс қажет. Кезінде бизнес мүдделерін ескермей қабылданған техрегламенттер түзетуді талап етеді».