Жүйеге кіру
Еуразиялық ұлттық университет студенттері ықпалдастықтың бизнес жүргізу жағдайына ықпалын білді

Еуразиялық ұлттық университет студенттері ықпалдастықтың бизнес жүргізу жағдайына ықпалын білді

16 сент, студенты.jpeg
16.09.2019
12 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің докторант-студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында лекциямен баяндама жасады. 

Ғалия Жолдыбаева кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарту, қызмет көрсетумен өзара сауданы ырықтандыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғанысты қамтамасыз ету бойынша ЕЭК жұмысы туралы толық әңгімелеп берді.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың бес жылдық мәнмәтінінде ЕЭК департаментінің директоры ЕЭК жұмысының тәжірибесіне қабылдануына байланысты реттеуші ықпалды бағалау (РЫБ) рәсімі енгізілгенін атап өтті. Бұл механизм “бизнес дауысын есту” және ЕАЭО шеңберінде ұлттықтан жоғары реттеуді қалыптастыру кезінде іскерлер тобының ниетін ескеру мүмкіндігін береді. 

«РЫБ рәсімінің шеңберіндегі ЕЭК шешімінің жобасын жария талқылау кезінде кәсіпкер ғана емес, сондай-ақ кез-келген азамат, оның ішінде талқылауға шығарылған мәселе бойынша өзінің сарапшылық пікірі бар студент немесе оқытушы қатыса алады», – деп, хабарлады Ғалия Жолдыбаева.

Департамент директоры әлем елдерінің жалпы ішкі өніміндегі қызмет көрсету үлесі арттыру бойынша жалпы әлемдік тренд мәнмәтінінде ЕАЭО шеңберінде бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыруға және қызмет көрсетудің өзара саудасын ырықтандыруға ерекше екпін қойды. 

ЕЭК өкілі білім экономикасын дамыту, нарықты ғаламдандыру, жоғары технологиялық тауарлар өндірісінде күшейіп келе жатқан бәсекелестікті, халықаралық және ішкі сауда цифрландыру жағдайында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тиімді әрі өркениетті қорғаныс жүйесін құру ЕАЭО үшін басым бағыт болып табылатынына тыңдармандардың назарын аударды.

Ғалия Жолдыбаева лекцияның соңында СФС-шараларын қолдану және техникалық реттеу саласындағы кедергілерге, шекаралық сауда, экономиканың жекелеген салаларында синергетикалық ықпалдасу әсеріне қол жеткізуге қатысты докторант-студенттердің сұрақтарына жауап берді.