Жүйеге кіру
Вероника Никишина: «Еуразиялық апта» 2019 жылы бизнес өкілдерінің рекордтық санын жинайды»

Вероника Никишина: «Еуразиялық апта» 2019 жылы бизнес өкілдерінің рекордтық санын жинайды»

16 сент, В.Никишина.jpg
16.09.2019
16 қыркүйекте форумның қарсаңында Sputnik ақпараттық агенттігінің “Еуразиялық апта” бас ақпараттық серіктесінің медиаорталығында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишинаның баспасөз-конференциясы өтті. 

Іс-шара Мәскеу – Бішкек – Ереван – Кишинев – Нұр-Сұлтан бейне көпірі форматында өтті. Вероника Никишина Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің премьер-министрлері бірнеше жыл бұрын тиісті келісімге қол қоя отырып, форум өткізуге уағдаласқанын еске салып өтті. 

“Еуразиялық аптаның” ерекшелігі қабылдаушы елдің экономикасы ерекшеліктеріне тәуелді таңдалады. Форум 2019 жылы Қырғыз Республикасында өткізілетіндіктен, ауыл шаруашылығы және жалпы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әріптестік негізге алынады. 

«Форумның барлық іс-шарасын сүйемелдейтін екінші пул - бұл Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бес жылдық, ЕАЭО тегі болған, Кеден одағының он жылдығы және еуразиялық ықпалдасу идеясының 25 жылдығы. Іскерлік бағдарлама шеңберінде біз Одақтың келешегі туралы, қол жеткізген сәттіліктер, қатысушылардың пікірі бойынша шешілуі қажет міндеттер туралы пікірталас өткіземіз», – деп хабарлады Вероника Никишина.

«Еуразиялық апта – 2019» ерекшеліктерінің бірі көрме және іскерлік бағдарламаға қатысатын бизнес өкілдерінің рекордтық саны болады. 

«Форум жылдан жылға ЕАЭО кәсіпкерлеріне бір-бірімен танысып қана қоймай, сондай-ақ әріптестік туралы келісуге көмектеседі. Бұл жолы жеткізушілер мен сауда желілерін біріктіруге көмектесетін іс-шаралар жоспарланған. Алдын ала жүзге жуық компания тіркелді және желілердің сұратуы жеткізушілердің ұсыныстарымен корреляцияланады. Бизнес-қауымдастық өкілдерінің жоғары үлесі осы іс-шаралардың қажеттігін білдіреді: биыл 85%-дан артты, сол уақытта алғашқы форумқа қатысушылардың 55% іскерлік топ өкілдері болды», – деп ерекшеледі ЕЭК министрі.

Сонымен қатар, Вероника Никишина сессияларда көтерілетін «ЕАЭО: ғаламдық нарыққа ықпалдасу және АТР нарықтарындағы мүмкіндіктер» және «2020–2024 жылдарға арналған ЕАЭО сауда саясатын дамытудың негізгі бағыттары» проблематикасы туралы әңгімеледі.

Анықтама
«Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері және Еуразиялық экономикалық комиссиямен ұйымдастырылатын жыл сайынғы іс-шара. Форум 2019 жылы Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында өтеді. “Еуразиялық аптаның” бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңды ұйымдастыруды болжайды. Форумға 2000-нан астам адам қатысады. 
Аса толық ақпаратты «Еуразиялық апта» сайтынан алуға болады www.eurasianweek.com.