Жүйеге кіру
ЕЭК трансшекаралық интернет-сауданың әлеуетті операторларымен жеке кездесу өткізеді

ЕЭК трансшекаралық интернет-сауданың әлеуетті операторларымен жеке кездесу өткізеді

16.09.2020

Трансшекаралық электрондық сауда жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының екінші отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өкілдері «электрондық сауда операторлары» институтын құру және дамыту мәселелерін, бондтық қоймалар қызметінің мәсееленамасы, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауда шеңберінде техникалық реттеу шараларын қолдануды талқылады.


Іс-шара барысында тараптар жаңа нарықты жүйелі реттеуді қалыптастырудағы өздерінің қағидатты келісуін растады. Пікірсайыс қорытындысы бойынша Одақ елдерінде жұмыс істейтін компаниялар арасынан сыртқы электрондық сауданың әлеуетті операторларымен жеке кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.


«Комиссия тұтынушылар үшін тауарларды жеткізу жылдамдығы мен ресімдеудің қарапайымдылығы бойынша неғұрлым қолайлықты қамтамасыз ету мақсатында бүгін біз қарап отырған мәселелерге бизнесті барынша кең тұрғыда тартуға мүдделі», - деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі, ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.