Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017 жылға дейінгі макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын бекітті

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017 жылға дейінгі макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын бекітті

16.10.2015

14 қазанда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Іс-шараға ЕЭК Кеңесінің мүшелеріАрмения Республикасының Вице-Премьер-министріХалықаралық интеграция және реформалар министрі Ваче Габриелян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасарыВасилий Матюшевский, Қазақстан РеспубликасыПремьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қырғыз Республикасының Экономика министрі Олег Панкратов, Ресей Федерациясының Үкімет Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов,Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Мүшелері (Министрлеріқатысты.

ЕЭК Кеңесі макроэкономика, сауда-саттық, экономика және қаржы саясаты, өнеркәсіпп, техникалық реттеу, энергетика және инфрақұрылым, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу салаларындағы бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.

Атап айтқандаотырыста Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы мәселе қарастырылды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев былай деді:«ДСҰ кіре отырып, біз бірқатар міндеттемелер алдық. Десек те, бізде 3500 тауар позициялары бойынша анағұрлым төмен кедендік баждарына қатысты ЕЭО бойынша серіктестеріміздің алдында да міндеттемелеріміз бар. Сондықтан қазір одақтық Шарттың құқықтық базасына біздің осы міндеттемелерімізді имплементациялау бойынша шешімдерді қабылдауға мемлекет басшылары тапсырмалар беру керектігі жайлы мәселе тұр».Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені ЕЭК Кеңесінің Мүшелері ұзақ талқылады. Нәтижесінде интеграциялық бірлестік бойынша серіктестерде Қазақстанға төмендетілген әкелу баждары бойынша әкелінген тауарлар қажетті айырманы төлеусіз Одақтың ортақ нарығына енгізілмеуге тиіс деп қабылданған жалпы түсінік қалыптасты.

Комиссияның Кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше мемлекеттердің 2015-2016 жылдарға макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын бекітті. ЕЭК Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Татьяна Валовая айтып өткендей, бұл салаға баса назар аударылуы қайталанбалы дағдарыстан, әлемдік нарықтарда болып жатқан жаһандық процесстерден болып отырған Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріндегі оңайға түспей отырған макроэкономикалық жағдайлармен байланысты болып отыр. «Осы жылдың басынан бері, –деді ЕЭК Министрі, – біздің елдеріміздің Үкімет басшылары мен Президенттерінің тапсырмалары бойынша бұл бағытта біз зор жұмыс атқарудамыз. Ең маңызды деген шешімдердің бірі болған – Президенттердің деңгейінде макроэкономикалық саясаттың Негізгі бағыттарының бекітілуі. 16 қазанда Бурабайда Президенттер біздің Одақтың 2030 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы құжатты бекітеді деген үміттеміз».

ЕЭК Кеңесінің Мүшелері шын мәнінде бұл құжаттар база болып табылатындығын, соған сүйене отырып, одақтың экономикасы алдағы жылдары дами түсетінін атап айтты. Олар ЕЭО елдерінің өзара сауда-саттық көлемінің өсуіне, ірі ұлттық және интеграциялық инвестжобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге де септігін тигізеді.

ЕЭК Кеңесі 2016 жылы қабылдануы жоспарланып отырған ЕЭО Кеден кодексінің жобасын пысықтау мәселелерін қарады.

ЕЭК Кеңесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтары әрекетін бастау үшін қажетті болатын 40 шақты құжатты әзірлеу ісі қалай жүргізіліп жатқанын талқылады. ЕЭО елдерінің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссияға осы саладағы жұмысты жеделдету ұсынылды.

ЕЭК Кеңесі ЕЭО химиялық техникалық регламенттерін қабылдау туралы мәселені қарастырды. Қазақстан Үкіметі одақтың «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» және Синтетикалық жуғыш құралдырдың және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы» техрегламенттерінің жауапты әзірлеушісі болып табылады. Ресей Үкіметі болса, ЕЭО «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техрегламентін әзірлеу үстінде. ЕЭК Кеңесінің өкімімен осы аталған жобалар бойынша Одақтағы басқа елдердің Үкіметтері мен Комиссияның арасында белсенді консультациялар өткізіп отыру қарастырылды. Консультациялардың қорытындылары бойынша Тараптарға аталған құжаттардың жобаларын келісімді түрде редакциялауға дайындықты қамтамасыз еткен жөн, және де оны екі айлық мерзімнің ішінде ЕЭК-ке ұсыну керек болады.

Одан басқа, ЕЭК Кеңесі ЕЭК Алқасы немесе Кеңесі деңгейінде шешім қабылдау алдында ЕЭК Алқасы Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Консультациялық комитеттің шеңберінде консультациялар өткізуге міндетті болатын мәселелердің Тізбесін бекітті. Тізбеде – 50 позиция. Соның ішінде. ЕЭО шеңберінде міндетті талаптар бекітілетін өнімдерге қатысты Бірыңғай тізбелерді бекіту, оны қалыптастыру және бекіту тәртібі; Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және қабылдау, оларға өзгерістер енгізу мен оларды доғару Тәртібі; Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу Жоспары; мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және т.б. жатқызылған өнімдерге қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар бойынша.

ЕЭК Кеңесі қабылдаған шешім бойынша Қырғызстан ЕЭО қызметтерінің ортақ нарығына 43 сектор бойынша қосылады. Қырғызстанның ЕЭО қызметтері ортақ нарығының бірыңғай қағидаларына қосылуы сол елдің азаматтары үшін еуразиялық қызметтердің ортақ нарығында Одақ елдерінің бизнес-құрылымдары бәсекелестігінің өсімін есепке ала отырып, қызметтердің құнын ықтималды төмендетілетінін білдіреді.

ЕЭО елдеріндегі, соның ішінде Қырғызстанда қызметтердің ортақ нарығының әрекет етуі шеңберінде қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды. Қызметтер саласындағы бизнесті әртараптандыру және ЕЭО бойынша серіктес елдердің аумағында жаңа бизнес түрлерінің құрылуы ішкі ақша ағынының бағытталуы есебінен Одақтағы елдердің экономикаларына қосымша инвестициялар тартылуына септігін тигізеді.

Сонымен қатар, ЕЭК Кеңесінің отырысында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін шектеулердің, тыйымдардың, қосымша талаптардың және шарттардың жеке ұлттық тізбелерін бекіту туралы» Шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ЕЭО шеңберінде Қырғызстан үшін шектеулердің, тыйымдардың, қосымша талаптардың және шарттардың жеке ұлттық тізбесінің қалыптастырылуына байланысты қажет болып отыр. Олар Қырғыз Республикасының интеграциялық жобаға қосылуы жөніндегі Шартты іске асыру мақсатында әзірленді.

ЕЭК Кеңесі энергия қорларын мемлекетаралық жеткізуді оңтайландыру мақсатымен әзірленген ЕЭО шеңберінде газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) теңгерімдерін қалыптастырудың әдістемесі туралы Келісімді мақұлдады. Құжат жиынтық энергетикалық әлеуетті анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әдістемеде бірыңғай терминология, энергия қорлары теңгерімінің құрылымы, негізгі көзқарастар мен оларды қалыптастыру механизмдері, теңгерімдердің жекелеген баптарын қалыптастырудың ерекшеліктері, сондай-ақ оларды әзірлеудің және түзетудің тәртібі белгіленді. ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Министрі Тайыр Мансұров бұл құжатқа қол қою үшін қажетті болатын мемлекетішілк рәсімдерді өткізу үшін ЕЭО мүше мемлекеттерге жіберілетіндігін хабарлады.