Жүйеге кіру
ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ұмтылыс үшін өндірістің кооперациясы және инновациялық жобалар қажет

ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ұмтылыс үшін өндірістің кооперациясы және инновациялық жобалар қажет

16.10.2019

Мәскеуде 15 қазанда өткен «Интеграция» Еуразиялық өнеркәсіптік конгресінің қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) өнеркәсіптік ынтымақтастықтың проблемалары мен перспективаларын және кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын дамыту құралдарын талқылады. Пікірсайысқа Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшелері қатысты. Конгресті өткізу бастамасы Одақ мемлекеттері бизнесінің тиімді ынтымақтастықты өсіре түсуге, жемісті кооперациялауға және нарықта сұранысты жоғары технологиялық өндірістік бірлестіктер құруға мүдделі өкілдеріне тиесілі.

Жалпы отырыстың модераторы, ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев конгресті аша отырып, өзара сауда көлемін өсіруде, бірлескен инвестицияларды өсіре түсуде, ЕАЭО-ның ортақ нарығына жұмыс істейтін кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда қол жеткізілген табыстарды атап өтті. Оның пікірінше, бұл Еуразиялық интеграция жөнінде мемлекеттер басшылары қабылдаған шешімнің дұрыстығын айғақтайды.

 

«Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуінің жалпы шеңберлері айқындалған және ол нақты жұмыс істеуде. Сонымен бірге біз жаңа технологиялық салт негізінде замани жоғары тиімді экономика құру үшін әлі де бірқатар кедергілерді еңсеру тура келетін бұл күрделі жолдың бастауында тұрмыз.Мұны өнеркәсіптің дамуының ғылыми негізделген стратегиясын әзірлемей жасау мүмкін емес, – деп атап көрсетті Сергей Глазьев. – Бүгінде бізді толғантатын басты мәселе – осы кеңістікті кәсіпкерлеріміздің қалай пайдаланып жүргендігі. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығында біздің кәсіпорындарымыз жасаған тауарлардың көбірек орын алуы жөнінде ойлау қажет. Мұның негізінде өндірістің кооперациясы, бірлескен кәсіпорындар құру және инновациялық жобаларды іске асыру жатады».

Ол өз сөзін ЕАЭО үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастықты белсенді дамытуда деп толықтырды. Атап айтқанда, Сингапурмен Еркін сауда аймағын (ЕСА) құру туралы келісімге қол қойылды, таяу уақытта Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім, Иранмен ЕСА құруға алып келетін Уақытша келісім күшіне енеді, Сербиямен ЕСА құру туралы келісім қол қоюға әзірленуде.

 

ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Александр Субботин ЕАЭО елдерінің Қытаймен экономиканың нақты секторындағы ынтымақтастығына тоқталды. Өнеркәсіпте және АӨК-те бірыңғай цифрлық кеңістік құру, технологияларды жергіліктілендіру, ғылыми-техникалық және инновациялық ортадағы тиімді өзара іс-қимыл басымдықты бағыттар болуға тиіс.

«Комиссия тараптармен бірге индустрияландыру картасын жасау жұмысымен айналысуда, оны біз қарашада ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысында қарауға ұсынамыз, – деп атап көрсетті Александр Субботин. – Бұл құжат қаржы және банк құрылымдарының өзара іс-қимыл механизмдерін айқындауға мүмкіндік береді. Индустрияландыру картасы біздің елдеріміздің экономикасын дамыту тұрғысынан, сол сияқты одақтық интеграция тұрғысынан шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту неғұрлым орынды болатын салаларды бейнелейді. Бұл Қытаймен неғұрлым сарапталған диалог үшін негіз болады».

 

ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастаудың қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның пікірінше, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін үш міндетті шешу талап етіледі, олар: ішкі нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғау, сауда тосқауылдарын жою және сыртқы нарықтарға шығу үшін бәсекеге қабілетті өнімді бірлесіп жасауға көшу.

«Біз ЕАЭО-дағы өнімге қойылатын талаптар деңгейі халықаралық талаптарға барынша жақындауы үшін жұмыс істеудеміз.Бұл жай ғана стандарттар мен регламенттерді қабылдау ғана емес, бұл біздің өнеркәсібімізді дайындау, кәсіпорынды техникалық жарақтандыру, өнім сапасын арттыру, бақылауды ұйымдастыру.Құжатты қабылдау оңай, бұл талаптарға шығу күрделі. Өнеркәсіп бұл талаптарға қол жеткізу үшін дайындалуға тиіс», – деп сенім білдірді Виктор Назаренко.

 

ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян өнеркәсіптік сектордағы трансформацияның негізгі үрдістерін атап өтті. Ол цифрлық қызметтер көрсету және «ақылды» тауарлар үлесінің артуына және барлық өнім «цифрға» кететініне, ал цифрлық трансформацияның басты субъектілері бәсекелестікті, соның ішінде өнеркәсіптегі бәсекелестікті айқындайтын цифрлық платформалар мен экожүйелер болатынына айрықша назар аударды.

«Платформалар туралы айтқанда, біз барлық платформаның транс-кросс-салалық болуға тиіс екендігін түсінеміз, ал барлық цифрлық экожүйелер екі қағидатқа: желіге және деректерге құрылған. ЕАЭО шеңберінде әр мемлекеттің цифрлық егемендігі, үлестірілу, жіксіздік сияқты қағидаттар енгізілген бірлескен жобаларды іске асыруды бастадық, – деп атап өтті Карине Минасян. – Біз, бәрінен бұрын, Еуразиялық цифрлық экожүйелер арқылы өз жобаларымызды іске асыра отырып, халықаралық экожүйелермен ұштасу механизмдерін нақты пайымдауды ұсынамыз. Қазірдің өзінде ЕАЭО деректерінің айналымы туралы келісімді тезірек әзірлеу және қол қою қажеттігі пісіп-жетілгені атап өтуге тұрады».

 

ЕЭК-тің бизнес-қоғамдастықпен тығызы өзара іс-қимылы туралы ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов әңгімеледі. Комиссияда ЕАЭО Іскерлік кеңесімен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік комитет, басқа да көптеген консультативтік комитеттер, жұмыс және сарапшы топтар бар.

«Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау институты ойдағыдай дамып келеді. Бізде ұлтүсті актілерінің үлкен блогы бар, олар реттеуші сипатқа ие және бизнес мүддесіне қатысты. 2015 жылдан бастап бұл актілердің реттеуші әсерін бағалауды жүргізіп келеміз, енді бұған қоса қабылданған актілердің іс жүзіндегі әсерін бағалай бастадық. Осының арқасында бизнеспен кері байланыс механизміне ие болып отырмыз және реттеуді бұдан да тиімді жасауға тырысудамыз», – деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Отырысқа Ресей өңірлері өнеркәсіп кәсіпорындарының, заң шығару және атқарушы билік органдарының өкілдері, ғалымдар мен жетекші халықаралық сарапшылар қатысты. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Андрей Бельянинов ЕЭК өкілеттіктерін кеңейту идеясын көтерді.

 

 Анықтама

 

«Интеграция» Еуразиялық өнеркәсіптік конгресі – ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың өзекті проблемалары мен перспективаларын және ЕАЭО ортақ нарығына және үшінші елдердің нарығына өнеркәсіптік тауарлар жеткізілімі мәселелерін талқылауға, сондай-ақ ЕАЭО-ның және достас елдердің кеңістігіндегі тиімді интеграция мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын дамыту мақсатында пәрменді құралдарды тұжырымдауға арналған жаңа халықаралық пікірсайыс алаңы.