Жүйеге кіру
ЕЭК Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты дамытады

IMG-20191016-WA0014.jpg
16.10.2019

Вашингтонда Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Дүниежүзілік банк басшылығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Еуразиялық өңірдегі өкілдіктері басшыларымен кездесуі болып өтті.

ЕЭК делегациясы Вашингтонға Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы бірлескен жиналысы шеңберіндегі іс-шараларға қатысу үшін келді.

 

ЕЭК Алқасының Төрағасы мен Дүниежүзілік банк басшылығы Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) цифрлық бастамаларды іске асыру шеңберіндегі, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық реттеу мәселелері бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Тараптар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барынша күш салуға уағдаласты.