Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері ЕЭО шеңберінде монополияға қарсы саясат туралы әңгімелеп берді

ЕЭК өкілдері ЕЭО шеңберінде монополияға қарсы саясат туралы әңгімелеп берді

16.11.2015

12-13 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Халықаралық «Витебск облысының инновациялық кәсіпкерлігі «Аздан көпке қарай»форумының шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕЭО) монополияға қарсы саясат туралы айтып берді.

Форумның жұмысына Беларусь билік органдарының, халықаралық ұйымдардың, Беларусьтің, Ресейдің, Польшаның, Латвияның және Қытайдың бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Форумның шеңберінде ЕЭК өкілдері ЕЭО-дағы монополияға қарсы реттеу және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өткізіп, онда ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Александр Курильчик сөз сөйледі.

ЕЭК өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізіп отырған бәсекелестіктің негізгі қағидаларының сақталуына бақылау жасау жөніндегі саясатының негізгі бағыттары мен міндеттерін баяндадыбәсекелестік саласында ЕЭО трансшекаралық нарықтарындағы ЕЭК өкілеттіктері туралы әңгімелеп берді.Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік қағидаларының бұзылуын алдын алу үшін ЕЭК-тің қолданып келе жатқан шараларына баса назар аударылды.

Комиссияның өкілдері жосықсыз бәсекелестікке салынған тыйымдардың, бәсекелестікке қарсы келісімдердің бұзылуын, трансшекаралық нарықтарда шаруашылық субъектілерінің қасақана әрекеттерін болдырмас үшін не жасау қажет екенін бизнес өкілдеріне түсіндіріп берді.