Жүйеге кіру
ЕЭК Еуропааралық салық әкімшілігі ұйымымен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде

ЕЭК Еуропааралық салық әкімшілігі ұйымымен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде

16.11.2016

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) және Еуропааралық салық әкімшілігі ұйымы (IOTA) салық саясаты мен әкімшіліктендіру саласында бірлескен талдамалық жұмыстар мәселелері,  ақпарат алмасу, консультациялар, семинарлар, конференциялар мен форумдар өткізу, бірлескен ғылыми және басқа да жобаларды ұйымдастыру  бойынша  ынтымақтастық жасауды жоспарлап отыр.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаменті директоры Тигран Давтян Будапештте (Мажарстан) Еуропааралық салық әкімшілігі ұйымының (IOTA) өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

Кездесулер шеңберіне IOTA және ЕЭК жанындағы Салық саясаты және әкімшіліктендіру жөніндегі консультативтік комитет арасындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары талқыланды.

 «IOTA-мен өзара іс-қимыл салықтық әкімшіліктендіруді жетілдіруге, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің салық органдары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, яғни тұтастай алғанда  Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуына оң әсерін тигізеді», – деп атап көрсетті Тигран Давтян.

Анықтама

Еуропааралық салықтық әкімшілік ұйымы (Intra-European Organisationof TaxAdministrations, қысқаша – IOTA) Еуропа елдерінің үкіметаралық ұйымы болып табылады, салықтық әкімшіліктендірудің практикалық мәселелерін талқылау үшін алаң ұсынады.

Әлемнің 40-тан астам елі осы ұйымның мүшесі болып табылады. Олардың ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы сияқты мемлекеттері де бар.

Ұйымның мақсаты қатысушы елдердің салық әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу болып табылады.