Жүйеге кіру
Теңіз контейнерлерін тасымалдау рәсімі 2017 жылыоңайлатылады

Теңіз контейнерлерін тасымалдау рәсімі 2017 жылыоңайлатылады

16.12.2016

Еуразиялық экономикалық комиссия    Алқасы Еуразиялық экономикалық                         одақ (ЕАЭО) порттарында теңіз контейнерлерін Одақ аумағы бойынша             өзге көлік түрлерімен одан әрі тасымалдау үшін оларды халықаралық тасымал көлік құралы ретінде (ХТКҚ) кедендік декларациялауды оңайлатты. 2017 жылғы мамырдан бастап мұндай жүк тасымалын ресімдеу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға                                      ЕАЭО кедендік шекарасын көп мәрте               келіп өте отырып, барлық жүру жолында жалғыз данадағы бір декларация қажет болады.

Бұдан өзге, енді кеден өкілдеріне                  мұндай  ХТКҚ-ны декларациялау кезінде             өз өкілеттіктерін құжаттамалық                растаудың қажеті болмайды. Барлық      қажетті ақпарат ақпараттық жүйелер                 мен кеден органдарының анықтамалықтарында сақталатын              болады.

Комиссияның кедендік блогында түсіндіргендей қабылданған шешім ЕАЭО елдерінің теңіз порттарынан шетелдік контейнерлердегі тауарларды жергілікті алушыға жеткізу проблемасын реттейді. Бұрын  мұндай тасымал формальды түрде «ішкі» деп саналып, бұл  шетелдік контейнерлерді ХТКҚ ретінде оңайлатылған тәртіппен декларациялау мүмкіндігін жоққа шығарған болатын.

Комиссияда аталған шешімді іске асыру Одақтың барлық кедендік аумағында ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып, ХТКҚ уақытша әкелу есебінің арқасында теңіз контейнерлерін кедендік декларациялау кезінде СЭҚ қатысушыларының шығындары мен  қағаз түріндегі құжат айналымын азайтады деп санайды. Жаңашылдық ЕАЭО-да контейнерлік тасымал нарығын дамытуға да ықпал ететін болады.