Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында ұсынымдар қабылдады

ЕЭК Алқасы тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында ұсынымдар қабылдады

16.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ұсыным қабылдады, соған сәйкес Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды жүзеге асыратын болады.

Мүше мемлекеттерге жыл сайын Комиссияға тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мазмұны, мақсаттары, міндеттері, басымдықтары мен қағидаттары туралы; мұндай қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы; мемлекеттік бақылау (қадағалау) нәтижелері бойынша немесе азаматтардың өтіністері негізінде анықталған тұтынушылар құқықтарын бұзудың саны мен сипаты туралы; осы саладағы нормативтік құқықтық реттеуге бағытталған шаралар және басқалар туралы мәліметтерді кірістіретін ақпарат жолдау жайында ұсыным жасалды.

Ұсынымды Комиссияның Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың үстіміздегі жылғы 1 қаңтарда мүше мемлекеттердің басшыларына арнаған үндеуінде баяндалған Беларусь төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының 3-тармағын орындау үшін ЕЭК-тің Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті Одақ елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп дайындады.

Тұтынушылар құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық қорғау жүйесі туралы, тұтынушылық тәуекелге неғұрлым тап болғыш құқықтық қатынастар саласы туралы, сондай-ақ елдерде осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Комиссия Одақтың жалпы ақпараттық ресурстар және ашық деректер порталында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» бөлімінде (https://potrebitel.eaeunion.org) орналастыратын болады. Бұл аталған саладағы жағдаятқа тұрақты мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.​