Жүйеге кіру
Бірыңғай деректер моделін пайдалану ЕАЭО экономикаларын цифрлық трансформациялау барысында пайдаланушылардың шығындарын қысқартады

Бірыңғай деректер моделін пайдалану ЕАЭО экономикаларын цифрлық трансформациялау барысында пайдаланушылардың шығындарын қысқартады

IMG_1442.JPG
16.02.2018

Цифрлық ортаны, деректер инжинирингін дамыту және деректер моделін жасап шығару саласындағы жетекші сарапшылардың пікірсайысы ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін нарықты цифрлық трансформациялау және деректер индустриясын қалыптастыру бөлігінде іске асыру жөніндегі алғашқы қадамның бірі болды. ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян атап өткендей: “цифрлық қосарластардың, үлгілер мен эталондық құрылымдардың рөлі артып келеді. Бәсекелес күресте шешімдер қабылдау мен табысқа жету деректер алмасу жылдамдығына, меншікті цифрлық активтердің болуына және оларды дамытудың тиімді стратегиясына тәуелді. Сондықтан Одақ елдері экономикаларын цифрлық трансформациялау процесінің  табысы өсу локомотиві болуы мүмкін базалық жобаларды іске қосуға негізделуі керек”. Министр цифрлық кеңістіктің жалпы онтологиясын қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық одақтың деректер моделін құру бірінші кезеңдегі маңызды міндет болып табылатынына сенімді.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) бірнеше жылдар бойы жаңа цифрлық бастамалар мен интеграция жобаларын іске қосу үшін негіз болып табылатын бірқатар жобаларды іске асырып келеді. Олардың ең маңыздылары интеграцияланған ақпараттық жүйе мен ЕАЭО деректер моделін құру, трансшекаралық сенім кеңістігін қалыптастыру болып табылады.

Кезекті қадам ЕАЭО шеңберінде экономиканы цифрлық трансформациялаудың трендтері мен проблематикасын талқылау үшін Комиссия шеңберінде мамандандырылған сарапшылар алаңын іске асыру болды. Бірінші кездесу барысында РОЭЛ деректер моделін сүйемелдеу тобының басшысы Дмитрий Кожевников деректерді модельдеудің онтологиясы мен аксиоматика саласындағы проблемалардың көп өлшемділігіне назар аударды.

ЕЭК цифрлық трансформация жөніндегі жобасының басшысы Александр Петров семантикалық-онтологиялық технологияларға өтуді жеделдетуді қолдады. Оның пікірі бойынша, бұл технологиялар цифрлық экономиканың негізгі экономикалық әсерлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, себебі олар интероперабельділік қағидаттарына негізделеді, соның ішінде бұл өнеркәсіптік интернетті қалыптастыру үшін қажет. Time & Space басқарушы әріптесі Юрий Волокитин осы технологияларды тиімді меңгеру үшін оларды жасап шығару реттілігі өте маңызды болып табылатынын атап өтті. Осыған орай “Уәждеме”, “Мүдделі тараптар” және “Одақ онтологияларының құзыреттілік мәселелері” концепттерін анықтаудан бастау керек. Осындай міндеттерді тәжірибеде іске асырудың тиімді нысаны Agile моделі бойынша жобаларды ендіру болып табылады, оның шеңберінде Одақ мамандары Одақтың мүдделі тараптарының цифрлық өзара іс-қимылының онтологиясының өмірлік циклін басқару бойынша қажетті құзыреттіліктерге ие болады.

Odant жүйелік әкімшісі Вадим Соглаевтың пікірі бойынша, деректер моделімен жұмыс істеу жөніндегі сарапшылық қоғамдастығы үшін ақпараттық жүйелердің ландшафтын трансформациялау кезінде туындайтын проблемаларды белгілеу керек, ал маңызды шешімдердің бірі базалық деректер моделі үшін бірыңғай стандартты бекіту болып табылады. Осындай стандартты қабылдау деректермен электрондық алмасуды жеңілдетеді, ақпараттық жүйелерді құруға және интеграциялауға  арналған шығындарды түбегейлі азайтады.

Сарапшылар Одақтың онтологиясы мен деректер моделін жасап шығару бастамаларын одан әрі дамытуды қолдады, осы бағыт бойынша сарапшылар алаңының қатысушылар құрамын кеңейтуді ұсынды. Кездесуге қатысушылар қазіргі бар байланыстардың үзілмеуін қамтамасыз ету, деректер архитектурасына қатысты шешімдер қабылдаудың қазіргі бар орталықсыздандырылуымен байланысты тәуекелдерді есепке алу қажеттігін атап өтті.

Пікірсайыстың негізгі қорытындыларының бірі - ақпараттық жүйелерді интеграциялау кезінде онтология мен деректер моделін пайдалану шығыстарды қысқартуға мүмкіндік беретіні, деректермен алмасу жылдамдығын арттыратыны, интероперабельділік үшін негізді қамтамасыз ететіні, сондай-ақ Одақта цифрлық экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер құратыны туралы идеяны барлық қатысушылардың қолдауы болды. Бұл ретте онтология мен деректер моделін пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектілер мен реттеуші органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру барысында электрондық құжаттарды жасау кезінде НАА басқарумен, нысандаумен шектелмейді. Білімдер экономикасы, деректер инжинирингі және онтологиялар бойынша мамандар қажеттілігінің өте жылдам қалыптасуы талқылау қорытындыларының бірі болды.

Пікірсайысқа қатысушылар келесі қадамдардың бірі ретінде бизнес пен мемлекеттік секторды, әсіресе цифрлық платформалар мен олардың Одақтағы экожүйелерін дамыту үшін Одақтың деректер моделін дамыту және онтологияның қолданылу бағыттарын эксперименталды “байқап көру” мүмкіндігін беретін құмсалғыш механизмдері мен пилоттық жобаларды пайдалануды ұсынды.

Комиссия Еуразиялық экономикалық кеңістіктің онтологиясы мен деректер моделі саласындағы “Ақ кітапты” жасап шығару және талқылау үшін барлық мүдделі тараптарды шақырады.

Байланысуға арналған электронды мекен-жайлар:

Комиссияның цифрлық трансформация жөніндегі жобасының басшысы Александр Петров, apetrov@eecommission.org;

Сарапшылық алаң модераторы Болат Таймағамбетов, taymagambetov@eecommission.org.

Сарапшылық алаң тұрақты негізде жұмыс істейді. Одақтың цифрлық онтологиясы мен деректер моделін дамыту мәселесі жөніндегі сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің келесі бетпе-бет кездесуі 2018 жылғы наурыз айына Мәскеу қаласында Комиссия алаңында жоспарланған.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 190 шешімімен “Еуразиялық экономикалық одақтың деректер моделі туралы ереже” бекітілді, онда ЕАЭО деректер моделін құру мақсаты, жалпы қағидаттары, жасап шығару және қолдану тәртібі айқындалған. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негізінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құрылды және дамуда (23-бап және № 3 қосымша). http://system.eaeunion.org/​