Жүйеге кіру
Молдова Республикасының Президенті мен ЕЭК Алқасының Төрағасы Ынтымақтастық туралы меморандум қабылдау мүмкіндігін талқылады

Молдова Республикасының Президенті мен ЕЭК Алқасының Төрағасы Ынтымақтастық туралы меморандум қабылдау мүмкіндігін талқылады

17.01.2017

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесуінде Молдова Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық байланыстарын кеңейту және тереңдете түсу мүмкіндіктері талқыланды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Молдова Республикасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау туралы шешім қабылданды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы  Тигран Саркисян Молдова Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің арасында дәстүрлі түрдегі оң әрі өзара тиімді экономикалық байланыстарды қалпына келтіру ісіне Еуразиялық экономикалық комиссия мүдделі екендігін мәлімдеді.  Оның пікірінше, «іскерлік ынтымақтастықты дамыту, бизнес жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасау, тосқауылдарды алып тастау және кедендік режимді синхрондау біздің елдеріміздің экономикасына жаңа серпін беруге мүмкіндік туғызады».

Өз кезегінде, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон былай деп атап өтті: «Еуразиялық экономикалық одақпен экономикалық ынтымақтас Молдова азаматтары үшін объективті түрде тиімді және солардың 50 пайыздан астамы тығыз интеграциялану жолын жақтап отыр». Алайда ол «Еуропамен ынтымақтас не Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтас жайында сауал қою – келешегі жоқ мәселе. Біз, сөзсіз, өзіміздің көршілеріміз - Еуропалық одақпен және біздің достарымыз - Еуразиялық одақтағы стратегиялық әріптестерімізбен ортақ мүдделер әрі өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндіктер табуға тиіспіз», - деп баса айтты.

Тигран Саркисян ЕАЭО қызметінің қағидаттары Одаққа мүше әрбір мемлекеттің мүдделерін барынша ескеруді көздейтіндігіне Молдова Президентінің назарын  аудартты.  «Кеңес, Үкіметаралық кеңес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес деңгейіндегі біздің барлық шешімдеріміз консенсус негізінде қабылданады, – деп атап айтты Тигран Саркисян. – Бұл елдердің әрқайсысының  экономикалық жағдайына мұқият қарауға, өсу үшін барлық ортақ тоғысу нүктелерін, ең жоғары интеграциялық әлеуеті бар экономика салалары мен сегменттерін іздеуге мәжбүрлейді. ЕАЭО-да адами капиталдың бірыңғай кеңістігін қалыптастыруға, дипломдарды өзара тану, медициналық қызмет көрсетуге теңдей кедергісіз қол жеткізу туралы мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлініп келеді».

Кездесу қорытындылары бойынша Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау туралы шешім қабылдады. «Біз осы жылдың бірінші тоқсанында, яғни наурыз айының соңына дейін бұл құжатқа қол қоюға даяр боламыз», – деп атап өтіп Игорь Додон, меморандумның міндеті - ақпарат алмасу, ықтималды өзара іс-қимыл саласын айқындау және тәсілдемелерді үндестіру екендігін тағы бір мәрте басып айтты.

Өз кезегінде, ЕЭК Алқасының Төрағасы «меморандумға қол қою бүгінде бизнесті де, біздің азаматтарымызды да толғандырып жүрген: өзара сауда қатынастарын, көші-қон ағындарын біз қалайша қалыптастыра аламыз, азаматтар үшін қандай режимдер жасалады, олар шекараны қалайша кесіп өте алатын болады, ЕАЭО елдерінде жұмысқа қалай орналасып, қалайша жайлы өмір сүре алатын болады деген көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеп, Молдова тарапының ұсынысын қолдады.