Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері COVID-19 таралуына байланысты халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін іс-қимылдың келісілген бағдарламасын тұжырымдауда

ЕАЭО елдері COVID-19 таралуына байланысты халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін іс-қимылдың келісілген бағдарламасын тұжырымдауда

17.03.2020

ЕАЭО мемлекеттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің кезекті отырысында COVID-19 ауруының анықталған жағдайларына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруы талқыланды. Кеңес отырысына Өзбекстан мен Тәжікстан өкілдері де қатысты.

Тараптар COVID-19 ауруы жағдайларының анықталуына байланысты ағымдағы жағдайды және санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтуді, шекара арқылы адамдардың ары-бері өтуін шектеуді, әуе қатынасын шектеуді, коронавирус бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды қадағалауды қоса, жаңа коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қарады.

Бүгінгі таңда іс жүзінде Одақтың Қырғызстаннан басқа барлық мемлекетінде расталған COVID-19 жағдайлары орын алып отыр. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық өңір халқының өмірі мен денсаулығын қорғау үшін COVID-19 таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдаят туралы келісілген іс-әрекеттер жүргізудің және ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтті.

«Роспотребнадзор» әзірлеген тест-жүйелер 13 мемлекетке, соның ішінде Одақ елдеріне, Өзбекстан мен Тәжікстанға берілді.

«Роспотребнадзор»-дың COVID-19 зертханалық диагностикасы үшін қазіргі заманғы ресейлік құралдарды жеткізу түріндегі бұдан ары да өтеусіз негізде көмек көрсетуі арқылы ЕАЭО халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз етуінің маңыздылығы атап көрсетілді.

Анықтама

ЕАЭО мемлекеттері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешіміне сәйкес құрылды. Бұл - мүше мемлекеттердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттықты қамтамасыз ету саласында келісілген және үйлестірілген саясатты іске асыруына арналған Одақтың көмекші органы.​