Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 12-ші отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 12-ші отырысы болып өтті

17.04.2013

16 сәуір күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті отырысында экономика және қаржы саясаты, кедендік ынтымақтастық, өнеркәсіптік саясат, техникалық реттеу салаларында шешімдер қабылданды.

Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Сергей Сидорский Ресей Федерациясы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылық техникаларын шығарушыларға субсидиялар берудің ережелерін бекіту туралы» № 1432 Қаулысының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай ережелері туралы Келісімге сәйкестілігіне жасалған салыстырмалы-құқықтық талдаудың нәтижелері турасында хабардар етті. Талқылаудың қорытындылары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің алдағы отырысында осы мәселе бойынша баяндама жасауға шешім қабылданды.

ЕЭК Алқасы Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша Бағдарламаны бекітті, оны ерікті түрде қолданудың нәтижесінде Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің сақталуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жасау, және де өнімдердің сәйкестілігіне (расталуына) бағалау жүргізілуіне қажетті ережелер мен әдістері бар соның ішінде аталған техникалық регламентті қолданып, оның талаптарын сақтау, сынамалар алу ережелері бар мемлекетаралық стандарттарды бекітті.

Бағдарламада 2013–2016 жылдары 39 мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және 22 мемлекетаралық стандарттарды қайта қарау көзделген. Әзірлеу үшін Бағдарламаға енгізілген 39 мемлекетаралық стандарттардың ішіндегі 12-сі алғаш; халықаралық стандарттардың (ISO) талаптарын ескере жүріп, ұлттық стандарттардың негізінде — 4-еу; еуропалық стандарттардың (EN) талаптарын ескере жүріп, ұлттық стандарттардың негізінде — 4-еу; ұлттық стандарттардың негізінде — 19-ы әзірленіп отыр.

ЕЭК Алқасы Салық саясаты және әкімшілендіру бойынша Консультативтік комитеттің құрамына өзгертулер енгізді. Оған, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төраға орынбасары Қуаныш Нұрпейісов, Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметі басшысының орынбасары Даниил Егоров қосылды.